Футбол туралы.
Футбол - әлемдегі ең танымал командалық спорт түрі. Футболдың алғаш 1863 жылы Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі.
Ойынға он бір ойыншыдан (қосалқы ойыншыларды санамағанда) тұратын екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын (матч) 45 минуттан тұратын «тайм» деп аталатын екі кезеңнен тұрады, кезеңдер арасында 15 минут үзіліс бар. Бекітілген ережелерге сәйкес өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.
Ойынның негізгі мақсаты: қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу және өз қақпасына салғызбау болып табылады. Қақпаға салынған доп «гол» деп аталады.
Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей көлемде гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жұптары өткізіледі.
Алаңда футболшылар ойын шарттарын бұзған жайдайда төреші оларға карточка беріп, ескерту жасайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.
1. Адамның тағдыры өз қолында себебі адам өзі қалай өмір сүргісі келсе соған талпынады армандайды мақсат қояды сол арқылы өз өмірін өзгерте алады.
2. Себебі әр адамның ең бастысы жақын адамдары отбасы қасында
3. Адамдарға достық ниетпен қарау дегенді басқа адаммен араласып көмек беру деп түсінемін.
4. Сыйластық,сөйлеу мәнері, адамға жақсы ниетпен қарау,т.б.
5. Жоспарлаудың адамның бақытты болуына әсері өте зор. Себебі сен жоспар құру арқылы армандайсың және сол арман арқылы үлкен белестерге жетесін. Жоспар құру арқылы адам өмірін басқа арнаға бұруға болады.
6. Ерік- күшті тәрбиелеу дегенді спортпен шұғылдану, күшімізді жаттықтыру деп түсінемін.
7. Өзін тәрбиелеу деген бойындағы жаман қасиеттерден арылуға тырысу және жақсы қасиеттерді арттыру.
8. Күнді жоспарлау арқылы уақытты тиімді өткізуге болады,жаңа тіл меңгеруге болады, жаңа сөздерді үйренуге болады айта берсем көптеген жетістіктерге жетуге болады.
9. Иә ұнады. Себебі Алленнің бағдарлары арқылы өмірімізді өзгертуге болады.