
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.[1]
Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады. WWW гипермәтін принципіне негізделеді және мультимедиа ресурстарын (бейне, аудиографика т.б.) мүмкіндігінше пайдалана отырып, ақпарат беруге қабілетті. SLIP, РРР немесе интернетпен тікелей қосылуды, сондай-ақ арнайы бағдарлама Интернет навигаторларымен (Mosaic немесе Netsape типті) қамтамасыз етуді талап етеді. Интернетке берілген орны жоқ, бірақ Интернетке тікелей қосылған пайдаланушылар мәтіндік Lynx навигаторымен жұмыс істей алады. WWW ақпараттық ізденістерді гипермәтін мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе. Бұл жүйеде әрбір құжат, ақпараттық кеңістікте өз ізденісін шексізге дейін тереңдете және кеңейте алуының арқасында өзге құжаттармен көптеген байланысы (айқас сілтеме жүйесі секілді) бар. Жүйе әсіресе үнемі жаңартылатын файлмен және сақталу орнына қарамастан құжаттар арасында байланыс жасау үшін жұмыс істеуге ыңғайлы
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.