Бір тауық жылына 250-300 жұмыртқа әкеледі. Жыл сайын бүкіл әлемде 51 миллиард тауық жасанды түрде өсіріліп, өмірінің 42 күні өлтіріледі. Әр секундт сайын шамамен 1900 құс сойылады. Ал, үй жағдайында өсірілетін тауықтардың орташа өмір сүру жасы – 10 жыл. Тауықтың басқа құстардан айырмашылығы, ол ұша алмайды. Ғалымдардың айтуынша, мыңдаған жылдар бұрын, олар мұндай қасиетке ие болған, бірақ біраз уақыттан соң, бұл қабілетін жоғалтып алды. Дегенмен, кейбір тауықтар ұша алады, бірақ қысқа қашықтыққа (10 метр). Бұл үй жануарларының жалпы саны адамдардан көп – 25 миллиард. Оның еті кальций, калий, магний, темір, фосфор және В дәрумендеріне өте бай, жүрек және қан ауруларынан зардап шегетін адамдар үшін пайдалы.
Толығырақ: https://faktiler.kz/tauyk-turaly-malimet/
Объяснение: