Children703
04.05.2021 12:01

В Сөйлемге дыбыстық талдау жасаңдар.

Көшпелілердің рухани мәдениеті өте бай.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Nastya1112172
31.07.2022 12:58

Объяснение:

Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Қорқыт ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра.

0,0(0 оценок)
Ответ:
malboro3
30.06.2021 04:40
ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ (А.С. Пушкиннен)  рет оқылды Амал жоқ — қайттым білдірмей, Япырмау, қайтіп айтамын? Қоймады дертің күйдірмей, Не салсаң да тартамын.   Талапсыз, бақсыз мен сорлы Еріксіз аттап ұяттан, Қорлыққа көндім бұл құрлы, Байқалар халім бұл хаттан.   Әлімше мен де ұялып, Білдірмен дедім өлсем де, Шыдар ем күйіп мен жанып, Айында бірер көрсем де.   Болмады көріп қалуға, Есітіп біраз сөзіңді. Шыдар ем бір ай жатуға ¥зақ түн жұмбай көзімді.   Қызықтан қашып бұл жерге Көңліңіз суып келіпсіз. Мәнісін сұрап білуге Тілдесе алмаймын еріксіз.   Келмесең егер сен бізге, Сау болмас па ем, әлбетте? Болмасам ашна мен сізге, Түспес ем мұндай бейнетке.   Асау жүрек қайнамай, Жуасыр ма еді кезінде? Елден бір жақсы сайламай, Бармас па ем ерге өзім де?   Өзгеге ешбір дүниеден Еркімен тимес бұл жүрек. Әзелде тағдыр иеден, Қожам — сенсің, не керек.   Тіршілігім — құрбандық, Шыдамай сені көргенше, Тәңірімнен келген бұл жарлық, Ием — сенсің өлгенше.   Әуелде кірдің түсіме, Ортақтасып өміріме. Толғау салып ішіме, Сол күнде-ақ жақтың көңліме.   Қүдайдан болғай деп емі, Құдайыны мол бердім. Көрген жерде-ақ мен сені, «Осы екен ғой — сол», — дедім.   Жатқан сайын ұйқыға Дұға оқушы ем, шошынып. ¥натып мені құлқыңа, Жүруші едің қосылып.   Түсімде мені жұбантып, Жылы сөзбен сөйлесіп, Кетуші едің қуантып, Қалушы еді көңіл өсіп.   Шыныңды айт, кімсің тербеткен, Иембісің сақтаушы? Әлде азғырып әуре еткен Жаумысың теуіп таптаушы?   Шеш көңлімнің жұмбағын, Әлде бәрі — алданыс. Жас жүрек жайып саусағын Талпынған шығар айға алыс.   Не болса да, өзімді Тапсырдым сізге налынып, Толтырып жасқа көзімді, Есірке деймін жалынып.   Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? Жақтырмай бұзсаң нұрымды, Білдірмей күйін өтейін.   Күтемін сізден қайта хат, Қуандырып дертім жаз. Ол болмаса, шыныңды айт, Кінә өзімде, өзіме аз.   Өз хатыма өз көзім ¥ялып, қорқып баға алмас Кепілім менің — бір өзің, Бөтен жан тесік таба алмас.  
Толық нұсқасы: http://abai-inst.kz/?p=743 | Абай институты
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота