Серке Қожамқұловтың мерейтойында қақaлып - шашалып сөйлей алмаған студенттер — біздің сөзімізді сынап , аспай - саспай маңғаздана сөйлейтін бір кісі сазайымызды берді . « Үлкен сахнаға шығар алдында , үлкен артист жөнінде салиқалы сөз айтқанда дайындалған жөн болмас па ? » . Бұны айтқан әйгілі жазушы - драматург Ғабит Мүсірепов екенін сонда білдік . Бұрын атын естігеніміз болмаса , Алматыға жаңа келген біздер ұлы қаламгерді қайдан білейік ?! Жасып қалдық . Кірерге тесік таппай , түнеріп тұрғанбыз . Көп кешікпей , кең иықты , зор денелі елулер шамасындағы жігіт ағасы мінбеге көтерілді де , әдеттегідей мерейтой иесіне айтылар мадақ сөздерді бұршақтай жаудырды . Отырғандарды күлкіге көміп тастады . « Шәкен ғой » деген күбір - сыбырларды естідік . — Серәліні сахна серісі еткен осынау өнер отауының өзі де , төрі де киелі . Жаңағы өрімдей жастар шатасайын деп шатасқан жоқ . Оларды киелі сахнаның сұсы шошытып жіберді . Бәріміз де құлап - сүрініп осылай бастағанбыз . Әлі күнге дейін жұрт алдына толқып шығамыз . Сөз де , әрекет те тәжірибемен шыңдалады , - деп сөзін аяқтады . Әжептәуір серпіліп қалдық . Шәкен ағаны бәріміз жақсы көріп кеттік . Серағаң кешінде Шәкен Аймановтың ізінен қалмай , студент жастармен кездесуін өтіндік . Аяулы аға тілегімізді қабыл алды да , кездесуге киностудияға келуімізді талап етті . Келісілген уәде бойынша 40-50 минуттың орнына кездесу 3 сағатқа созылды . Әжімді жүзі алаулап , қысыңқы да қуақы көздері күлімдеп , қарқылдай күлген сәттерінде батыр тектес зор денесі түгел селкілдеп кететін . Айманов , сөз жоқ , сүйкімді жан . Кез келген сауалға жауабы даяр . Тосылу , қысылу дегенді білсейші ?! Юморы неткен табиғи . Тілі - өткір , өзілі - ащы . Бейнелі сөзге тым ұста . Киносы бар , театры бар , жүзден аса көркем бейнені сомдаған , оннан астам фильм түсірген әйгілі суреткердің айтар ойы мол . Ә . Сығай . « Театрлар шеруі » кітабынан
1. Мәтіндегі ақпарат кімдер туралы ? 2. Студенттер қайда сөйледі ? 3. Ғ.Мүсірепов не үшін ренжіді ? 4. Ш.Айманов студенттерді қалай қорғаштады ? 5. Студенттер кіммен кездесу өткізді ? Кездесу қайда өтті ?
Марат сен Қарағанды Қазақстан телеарнасын қарайсың ба? -Аслан ол қандай телеарна? -Қар.Қаз .Телеарнасы алғашқы рет 1958 жылы Шахтерлер күніне эфирге шықты,ал 1963 жылы Қарағанды телевизиясының бағдарламасы Республикалық арна бойынша алғаш рет көрсетілді -Қар. Қаз телеарнасы қай тілде өтеді? -Қар .Қаз Телеарнасы 26 өзіндік хабары қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығады.Тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Мұның 50 пайызы өз өнімдері. Көрермендермен сұрақ-жауап жүргізгенде олардың 94 пайызы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына үлкен сенім артты. -Аслан енді мен осы телеарнаны қарасам деп отырмын,сен мені өте қызықтырдың
Зат есім- имена существительные, делятся также на производные (туынды), образуются при суффиксов: -шы, -ші образуют существительные, профессию человека: жазу (писать) - жазушы (писатель), сурет (рисунок) - суретші (художник), етік (сапоги) - етікші (сапожник), балық (рыба) - балықшы (рыбак), үгіт (агитация) - үгітші (агитатор). -ша, -ше, мысалы: кітап (книга) - кітапша (книжка). -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік образуются существительными, обозначающие отвлеченные понятия: бала (ребенок) - балалық (детство), дос (друг) - достық (дружба), батыр (герой) - батырлық (мужество, геройство), бай (богатый) - байлық (богатство). -хана, образует существительные, указывающие на названия учреждений: ас (пища) - асхана (столовая), дәріс (лекция) - дәрісхана (лекционный зал), ем (лечение) - емхана (поликлиника), дәрі (лекарство) - дәріхана (аптека), кітап (книга) - кітапхана (библиотека).
Зат есімдердің көптік жалғауы – Множественное число существительных. Множественное число существительных в казахском языке образуется при окончаний -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер. Например: бала-лар - дети, қалам-дар - ручки, жігіт-тер - джигиты. Чередование гласных в окончаниях определяется правилами сингармонизма: если последний слог слова - твердый, то прибавляются суффиксы -лар, -дар, -тар. Например: ана-лар, қыз-дар, жас-тар. Если последний слог слова - мягкий, то прибавляются суффиксы -лер, -дер, -тер. Например: әке-лер, тіл-дер, жігіт-тер. Чередование согласных в суффиксах множественного числа определяется законами прогрессивной ассимиляции.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку