Менің сүйікті фильмім "Шерлок Холмс". Мен шытырман оқиғаларды жақсы көремін, сондықтан да осы фильмді сүйіп көремін. Маған фильмдегі басты кейіпкерлердің бірден көзге түспес заттардан, болған оқиғаны анық-қанығын айқындап алатыны ұнайды. Шерлок мырзаның жолдасы, Ватсонның қажет кезінде досының жанында табылып, әрдайым көмек көрсетеді. Тығырықтан шығуға септігін тигізеді. Фильмде сол заманның адамдары мен тұрмыс жағдайы жақсы көрсетілген. Шерлок ол жерде тек қана тыңшы емес,әр түрлі жаңалық ашушы және тәжірибе жүргізуші ретінде көрсетілген. Фильмдегі уақиғалар бір-бірмен тығыз ұяласқандықтан, бұл фильімді та кірпік қақпай көруге болады.
А тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады. Адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – бірбеткейлік. Өзгенің дегеніне көне қоймайтын бірбеткей мінезден туатын көптеген ерегестердің арты үлкен ұрыс-төбелес, дау-дамайға, тіпті адам өліміне дейін апаратынын көз көріп, құлақ естіп жүрген жайт. Алайда бірбеткейлікті ақиқаттан бет бұрмауға тәрбиелей білген адам туралықтан таймайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку