Жаз Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда. Баларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады.Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады. Далада көп деген шыбын- шіркейлер, көбелік, инеліктер шығады. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар далаға жатады. Төрт-түлік малдар төлдейді. Балалар қошақан, бота ,күшік солармен күні- түні қызық көріп ойнайды. Жас балалар қолдарына ермексаз байланған жіп ұстап, инеліктерді ұстайды. Жазымызда осындай қызықтармен өтеді. Жаздан кейін желді, жаңбырлы, алай-дүлей күз келеді.
Жақын туыстары Абай қазасынан кейін, Әлихан Бөкейхановтың кеңесі бойынша ақынның асыл мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскені мәлім. Бұл туралы құнды де¬ректі 1915 жылы “Қазақ” газетінде жария¬лан¬ған Кәкітайдың қазасына байланысты жаз¬ған мақаласында: “1904 жылы Абай мар¬құмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым” деп Әлекеңнің өзі жеткізеді (Абай дүниеден өткенде алғаш рет орыс тілінде қазанаманы жазған да Әлекең екені белгілі). Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлең¬дерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ал, жа¬дырап жаз келгенде бұл екеуі Абай мұра¬сын көрші әрі туысқан есебінде болған Мүр¬сейіт Біке баласы деген молданың қолына бе¬ріп, әдемілеп көшіріп жазуды тапсырады. Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше, ар¬найы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан екен. Аға буын зерттеушілер көп зерделеген бұрыннан мәлім мағлұматтарды қайталап жатудың қажеті шамалы. “Абайдың алғашқы жинағы баспаға қалай әзірленді?” деген сұ¬рақ¬тың, біздіңше, бүгінгі күні бір ғана астары қалған сияқты. Ол – аталмыш жинақтың шығуына шәкірті Шәкәрімнің қосқан үлесі қандай еді деген мәселе. Төменде осыған баса назар аудармақпыз. Бірден айтайық, Абай өлеңдері мен қара¬сөздерін жинастыру барысында Шәкәрім мынадай істерді атқарды деп санамалап өту қиынға соғады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку