Қасқыр: сендер, тиіндер неге әрқашан көңілдісіңдер? Әрқашан секіресіңдер, ойнайсыңдар. Мен әрқашан ашуланамын.
Сонда тиін: Мен сенен қорқамын. Мені жіберші, – дейді.
Қасқыр тиінді жібереді. Тиін ағаштың басына шықты. Тиін бұтақтан бұтаққа қайта секірді.
Сосын тиін:
Қасқыр, сен залымсың. Сен бәрін қорқытасың. Сенен барлық аң қорқады. Ешкіммен
сөйлеспейсің. Сені ешкім жақсы көрмейді. Сондықтан әрқашан ашуланасың.
Біз, тиіндер, көңілдіміз. Біз залым емеспіз. Біз ешкімді қорқытпаймыз. Ешкімге
жамандық жасамаймыз, біз – мейірімдіміз.
АЙТЫЛЫМ
13
-тапсырма.
Жағдаят. Берілген сөздерді пайдаланып, суреттегі жағдаятқа диалог құрастырыңдар:
Қасқыр қоянды қонаққа шақырды. Ал қоянның барғысы келмеді.
Қажетті сөздер: қорқамын, қорқытпаймын, сөз беремін, залым болмау, мейірімді
болу, адал дос.
составь ди о лог