Объяснение: Менің керемет жазғы демалысым!
Менің кереметтей жазғы демалысым өзімнің сүйікті қаламда өтті. Күндіз мектептің сауықтыру алаңында асыр салып ойнап, түрлі үйірмелерге қатыстық. Қызықты ертегі кітаптар оқып, түрлі қойылымдар қойдық.Ал, кеш болса атаммен бірге бау-бақшаға көмектесіп, еңбек еттім. Жатар алдында әжемнің айтқан ертегісімен түрлі қиялға берілдім. Өзімнің сүйікті қаламда жақсы демалып, уақытымды әр нәрсе үйренумен өткізгеніме қуаныштымын.Достарым айтқан алыс қалаларға, шаһарларға ер жеткенде бара жатармын. Әзірге ғалым атамның атындағы туған жерімде демалу өте қызықты. Жаз бойы жинаған күш-қуат, білім, ақыл алдағы оқу жылына азық болады деп ойлаймын.
Объяснение:
Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2]
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі
ВТ