Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан. Бүгінгі көк туымыздың желбіреп тұрғаны, бейбіт өміріміз батыр ата-апаларымыздың арқасы. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында мыңдаған қазақтар қаза болды. Әрине бұл соғыс оңай болмады. Биыл ҰОС аяқталғанына-70 жыл толды.
Ал 1986 жылы 16-желтоқсанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мухаммеджанова сияқты көптеген жастар алаңға шығып, көтеріліс кезінде қыршыннан қиылды.
Тәуелсіздікті алғанымызға 2016-жыл 25 жыл толады. Осы уақыттың ішінде бізді әлем таныды. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында дүниежүзі Қазақстанды тәуелсіз ел деп мойындады.
Есет батыр Көтібарұлы (1803-1889)[3] - халықтың әйгілі батырларының бірі.[4] Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған.[3] Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген.
1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды.