zhelavskaitanya
23.06.2022 20:10

1948 жылы әлемде алғаш рет "Табиғатты қорғау одағы"құрылды. Бұл одақ Жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар туралы кітап шығарды. Ол "Қызыл кітап" деп аталды. "Қызыл кітап" деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды. "Қазақстанның Қызыл кітабы"алғаш рет 1978 жылы шықты. Онда тіркелген жануарлар мен өсімдік түрлері туралы қысқаша қазақша,ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге тіркелген жануардың суреті. Қазақстан аумағында таралу картасы,ол туралы ақпарат көрсетілген.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Олардың 58 і "Қызыл кітапқа"тіркелген. Оларды адамдар көп аулайды. Сол себепті азайып барады. Қазір олар қорғауға алынған.
"Қазақстанның Қызыл кітабына" өсімдіктердің 307 түрі кірген. "Қызыл кітапқа" қазақ жеріндегі барыс,аққу,бүркіт,бірқазан,тырна,қызыл қасқыр және т.б.аңдар мен құстар да тіркелген.

1. «Қызыл» кітап деген не?
2. Алғашқы «Қызыл кітап» қай жылы шықты?
3. «Қазақстанның Қызыл кітабы» қай жылы жазылды?
4. «Қазақстанның Қызыл кітабында» қанша өсімдік тіркелген?
5. «Қазақстанның Қызыл кітабында» қанша құс тіркелген?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
turysbekaida
26.06.2021 02:50

Ең үлкен күш кімнің күші? Алып балуанның күші ме, шіріген байдың дәулеті ме, жоқ әлде айлакер сиқыршының сиқыры ма? Бұл үшеуінің біреуін таңдап, нағыз күш деп ойласаңыз сіз қателесесіз. Байдың күші кедейлерге көмектескенінде, әйтпесе қолдың кірі ғана. Балуанның күші бұлшық етінде, жалғыз ғана қарсыласын жығуға жетер, он балуанға бірден шамасы жете қоймас. Сиқырдың күшін айтпасам да болады, өзі де көз байлап қызықтыратын бірнеше айладан тұратыны мәлім. Ал ешқашан сарқылмайтын, өмірде бағыт бағдар беріп, мыңдарды жығатын күш ол- білім. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді қазақ. Бұл мақалды көбіміз жатқа білсек те, мағынасына терең үңіліп ойланып көрмеген болармыз.

А туа сала ештеңе білмегенімен, Алла тағала оны үйренуі үшін барлық мүмкіндіктермен қамтыған. Яғни адам туа білмейді, жүре біледі. Сол сізге берілген мүмкіндіктердің ең негізгісі, және сізді жануарлардан айыратын ол – ақыл және де ойлау қабілетіңіз. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас демекші осы ақыл ойыңыз арқылы үйреніп, білім күшіне ие бола аласыз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Marlie
29.12.2020 02:24

ребята из моего класса,только попробуйте взять это эссе!

қазақстан аймақтарындағы тұщы су көздерінің мәселесі қалай шешілуде?



Тіршіліктің басты қайнары су. Оның таза әрі құрамының сапалы болуы а ң өмірі, жалпы жер бетіндегі тіршілік үшін маңызды. Қазір су мәселесі халықаралық мамандарды ерекше алаңдатып отыр. Әлем жұртшылығы судың сапасымен тазалығына мән бермесе алдағы жүз жылда балықтар мен су құстары мүлдем жойылып кетуі мүмкін.  



Қазақстанда Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу, Талас Соңғы жылдары бұл өзендердің экологиялық ахуалы нашарлап кеткен. Қазақстан «Трансшекаралық сулар мен халықаралық көлдерді қорғау туралы конвенцияны» 2000 жылдың 23 қазанында ратификациялады. Алайда,көрші Қытай, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғыз республикалары бұл құжатқа қатыспағандықтан трансшекаралық су көздері мәселесін бірлесе шешуде көптеген кедерілер туындауда.  



Халықаралық мамандардың су тапшылығымен күрескеніне бір ғасырға жуық уақыт болды.  



Бүгінгі таңда суды ең көп пайдаланатын сала ауыл шаруашылығы. Бұл салада суды тиімді пайдаланбау салдарынан су тапшылығы орын алса жер бетінде құрғақшылық пен азық-түлік тапшылығы арта бермек.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота