dashabonya
17.03.2021 00:23

Mutashev888 5 минут назад
Қазақ тiлi
5 - 9 классы
+10 б.
ответ дан
Табиғат құбылыстарын бақылағаннан жинақталған тәжіри- бені қай кезде, неге пайдаланды?
Все ответы из текста:
Түркілер жыл мезгілін маусымға бөліп, «күнтізбе» ұғымын қалыптастыр- ды. қазақ күнтізбесі табиғат құбылыстарын бақылаудан туды. халық табиғат.Құбылыстарын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жаз, қыс, күз, көктем) ауы- суын, айдың тууы мен батуын, айналып келуін, жұлдыздардың орналасу тәрті- бін, күннің ұзақтығын бақылады. осы тәжірибені күнкөрісіне, шаруашылығына пайдаланды. қазақтар күнтізбе арқылы жайлауға көшудің, күзеуге, қыстауға қайтудың уақытын белгіледі. оны малшаруашылыққа, диқаншылыққа пай- даланды. күнтізбені есептеп, егін екті, шөп шапты. күн райын болжайтын жұлдызшылар болды. олар қазақ күнтізбесінің есебін жүргізді. әр мезгілдің қандай болатынын айтып, алдын ала жорамал жасады. күн райын халыққа хабарлап отырды. қазақтар ғаламшарларды, жұлдыздарды жақсы таныды. қазақ күнтіз- бесінде он екі айды бір жылға, үш айды бір тоқсанға, жеті күнді бір аптаға, бір күн мен бір түнді бір тәулікке есептеді. әр айға атау берді: наурыз, сәуір (көкек), мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ар, ақпан. байырғы қазақ күнтізбесінде жыл басы наурыздан басталған. наурызда жаңа жыл - наурыз мейрамын тойлады. қазақтар уақыт есебін мүшел жылы бойынша жүргізді. әр жыл хайуан атымен (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) аталды. байырғы заманнан өмір тәжірибесіне негізделген қазақ күнтізбесі бүгінге дейін қолданылуда


Mutashev888 5 минут назад Қазақ тiлi 5 - 9 классы +10 б. ответ дан Табиғат құбылыстарын бақылағаннан

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
egor20031510
08.02.2020 03:20

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
артbig
08.02.2022 06:44

ответ, проверенный экспертом

4,0/5

812

damettie

Эссе.

Махамбеттің азаттық, азаматтық ойлары.

Махамбет сөздері – халық үшін өз жанын пида еткен ердің сөзі. Ақын асқақ арманшыл өлеңдерінде халқын әділетсіз хан-сұлтандарыға қарсы ерлікке шақырады. Махамбетті халықтың қадірлейтіні де, айрықша сүйіп оқитыны да сол себепті.

Махамбет Өтемісұлы жырлары – шаруалар көтерілісінің айнасы. Ол өз шығармаларында әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білді. Ақын Жәңгір ханға айтқан өлеңінде:

Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың...– деп ханның залымдығын бетіне басады.

Махамбет ел үшін еңіреген ердің аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған. Ол: "Асыл ердің баласы жауды көрсе шыдамай көзін салар қияға" деп бүкіл поэзиясына ерлікті ту етеді.

Махамбет өлеңдерінде ғибратқа толы афоризм болып кеткен өнегелі жолдар да аз емес. Ол өзінің сондай терең ойлы сөздерімен кейінгі ұрпағына да тіл қатқандай, ақыл, өсиет айтып кеткендей. Махамбеттің ерлік өміріне бір ызалықпен қарап, жанқиярлыққа үндейтін поэзиясын сүйсініп оқымайтын қазақ жоқ шығар.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота