Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.
2.Әнші құм, Айғай құм - Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе.
3.Шайтанкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 5 км жерде, Бұғылы тауының теңіз деңгейінен 1200 м биіктігінде орналасқан.
4.Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық.Ол 1926 ж. құрылған.
Әбу Насыр Әл – Фараби.
«Әлемнің екінші ұстазы» ретінде танымал болған ұлы ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл – Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала) қаласында дүниеге келген. Толық аты - Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.
Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды. Фараб қаласында Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасқан болатын, соның арқасында Әл Фараби мұндағы құнды қолжазбалар мен кітаптармен таныс танысып, оларды оқуға мүмкіндік алды. Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға, кейін Бағдатқа кетті. Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.
Ғұлама ойшыл бір қалада ұзақ тұрақтамай, үнемі саяхат үстінде болып, білімін шыңдаған. Бар ғұмырын білім мен ғылымға арнап, түрлі мәліметтерге сәйкес 70 – ке жуық тіл меңгерген екен.
Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Ғұлама ойшыл ғылымды 2 топқа бөлген:
Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген.
Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм (исламдағы өзекті тақырыптарын қамтыған ғылым саласы) ғылымдарын жатқызған.
Биылғы жылы (2020 жыл) ұлы ойшыл – ғұламаның 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі.