nyanchann
03.09.2020 21:53

1. Досы көпті жау алмайды, 2. Бірлігі жоқ ел тозады,
3. «Ел боламын десең»,
62. Мақал-мәтелдерді толықтырып, олардың құрмалас сөйлем екенің дәлелде

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Сережа8910
15.03.2020 06:00
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын
0,0(0 оценок)
Ответ:
liza770
07.04.2022 20:19

«Білім беру саласындағы инновация туралы ойым» тақырыбына диалог құрастыру.

Еркежан: Анашым, бос уақытыңыз бар ма?

Анасы: Әрине, жаным. Айта бер.

Еркежан: Үй тапсырмасын орындауға сіздің көмегіңізқажет болып тұр.  

Анасы: Иә, қандай тапсырма? Сұрай ғой.

Еркежан: «Білім беру саласындағы инновация» жайлы мәлімет айтып берсеңіз, қанша дегенмен сіз жоғары оқу орнында жұмыс істейсіз ғой.

Анасы: Алдымен, «Инновация деген не?» сұрағына жауап беріп көрейін. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.

Еркежан: Сонда өз сөзімізбен айтсақ, білім беру саласындағы жаңашылдық десек бола ма?

Анасы: Әрине, жаным. Осылай да дұрыс болады. Жалпы, бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген мағынаны білдіреді.

Еркежан: Керемет, сонда біздің елімізде білім саласында қандай жаңалықтар бар, осыны айта кетсеңіз?

Анасы: Модульдік оқыту; блок-модульдік оқыту; компьютерлік технология; мультимедиа технологиясы; қашықтықтан оқыту технологиясы;  желілік технология;интернет технология; интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.

Еркежан: Атаулары таныс. Мектептегі мұғалімдеріміз осы аталған инновациялық технологияларды қолданады.

Анасы: Бұл технологиялар оқу үрдісін тиімді етуге көмектеседі. Саған қай технология көбірек ұнайды?

Еркежан: Маған, әрине, интерактивтік, интернет және мультимедиа технологиялары аса қатты ұнайды. Себебі бұлар заман талабына сай келеді деп есептеймін, әрі оқу процесі де қызықты өтіп, өз бетімізбен көп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Анашым, көмегіңізге көп рахмет!

Анасы: Оқасы жоқ, құлыным.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота