Әр ұлттың ерекшелігі көбінесе этностың салт-санасынан, дәстүрінен, әдет-ғұрпынан байқалады. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр халықтың мәдени, тұрмыстық, психологиялық, дүниетанымдық жағдайларына байланысты қалыптасады да, тіл арқылы сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.