Digger2001
18.10.2020 12:28

Хат жазуға қажетті етістіктердің дұрысын анықта. Нұр-Сұлтан қаласы
Жеңіс көшесі, 54 үй.
Табынбаева Кеңескүлге
Табынбаев Арманнан
Сәлем хат!
Сәлеметсің бе, асыл да ардақты ақ әжем! Денсаулығың қалай? Өткенде сені ауырып қалды деген болатын? Қазір жағдайың қалай? Сені уайымдап, хат жазып отырмын.
Біздің жағдайымыз жақсы. Әкем жұмыста жүр, үйге шаршап келеді. Өзің айтқандай анаңа көмектесіңдер деп, Назгүл екеуміз анама көмектесіп жүрміз. Бұл жақта күнде жаңбыр жауып тұр. Көктем мезгілі болғасын болар. Әже, Назгүл екеуміздің сабағымыз жақсы. Түсінбеген жерлерім болса, ол маған түсіндіреді. Екеуміз сені қатты сағындық, тезірек жазылып, үйге қайтшы. Сені қатты көргіміз келеді. Сенсіз күндеріміз қызықсыз өтіп жатыр. Сенің бауырсағыңды жегіміз кеп жүр. Түнде айтатын ертегілеріңді сағындым.
Өзіңнен асыға жауап хат күтемін, әже. Сәлеммен, немерең Арман.
15.07.2020 жыл
Қатты сағындық, тезірек жазылып, үйге қайтшы, көргіміз келеді.
Жақсы ойын көрсетті, жақсы меңгерді, түсінеді, оқиды.
Туылған, оқиды, түсінеді, атқарады, меңгерген, қарайды.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sonek987
01.06.2020 14:58

Менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді. Жазғы демалысымызда әжем тәтем екеумізді көптеген қалаларға алып барады. Біздің саяхатымыз осылай басталады. Біз барған қаланың ең әуелі мұражайымен, кітапханасымен танысамыз. Сол қаланың тарихы жайлы әжеміз бізге әңгімелеп береді. Содан соң кітап дүкеніне барып, түрлі қызықты кітаптарды сатып аламыз. Біз Маңғыстау облысы Ақтау қаласына барып, Каспий теңізін көрдік. Теңіз жағалауында аққулар өз топтарымен жүзіп жүр. Ақтау  қаласының сұлулығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ол жерге жан жақтан туристер көптеп келеді екен.  Демалысымыздың соңғы бөлігінде әжем бізді ауылға алып барады. Қайнаған жұмыс осы ауылда екен.  Ауылдың табиғаты өте керемет. Таза ауа, қаладағыдай көп көлік жоқ. Мен атаммен малдарды жайғаймын, ал тәтем әжеммен сиыр сауып үйренеді. Кеш құрым ауылдағы достарымызбен түрлі қызықты ойындар ойнаймыз. Міне біз үшін ұмытылмас жазғы демалысымыз осылай өтеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
марета5
01.02.2021 04:27

Объяснение:

Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құс – біздің досымыз. Маған үнемі анам құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүр деп айтады. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені ерекше. Олар өте әдемі. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады. Қараторғай да өте сүйкімді, кішкентай құс. Ал аққу маған ерекше ұнайды, ол - өте әдемі құс. Оны киелі құс деп айтады. Аққуды атуға болмайды.

Балалар, құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, достар! Өйткені құстар - біздің досымыз!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота