AlesyaDreamer
17.08.2021 00:40

Төмендегі екі мәтінді салыстырып, айырмашылығын, стилін табыңыз, мәтіндердегі қарамен белгіленген сөздің мағынасын табыңыз. 1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынан үзінді.
2-мәтін. http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 сайтынан алынған.

1-мәтін
Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын».
– Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің қатарына жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай?
– Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның үстіне, өнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп жүрмесе, онда адам өз-өзін сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әртүрлі сән журналдарындағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын.
2-мәтін
Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
rusibragimova9
11.07.2020 06:40

Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.

Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.

Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Kotyaty
01.01.2023 02:50
Менің туыстарым өте керемет жандар! мен туыстарымды қатты жақсы көремін! Әсіресе атам мен әжемді. Олардың мені құлыным, ботам деп еркелеткендерін жаным сүйеді . Aғам мен тәтемнің мен үшін орны ерекше. Мені барлық жағдайларда қолдап, демеу корсетеді. Ал ағам- менің қорғаушы періштем десем де болады. Әрдайым мені уайымдап жүреді. Туыстарымның ішіндегі жаныма жақыны әрі сырласушым- ол менің әпкем. Туыстарымның ішіндегі қатты қатты жақсы коретінім әрине менің апам мен әкем. Себебі, көзімді ашқалы бері ол кісілер менің жанымда.
Туыс- бұл адам өміріне берілген үлкен сый. Өйткені, туыссыз өмірдің сәні де, мағынасы да жоқ. Мен өз туыстарымсыз өмірімді елестете де алмаймын.Осындай жанашырларым барына шүкіршілік етемін.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота