
Мәтін стильдері дегеніміз - қаламгердің жазу мәнері,мәтінді оқырманға жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануы, ой түйінін ашу тәсілі.
Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильд
Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда,
лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.
Ресми іс-қағаздар стилі - іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен
кеңсе құжаттарында қолданылады.
Публицистикалық стиль - газет-журналда, жиналыстар мен
митингілердегі сөздерде қолданылады.
Көркем әдебиет стилі - көркем әдеби шығармаларда
қолданылады.
Ауызекі сөйлеу стилі – адамдармен еркін әңгіме кезінде
қолданылады
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз. Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әр түрлі.