mirator91
21.07.2021 04:49

Кажетті сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтыр. Қажетті сөздер: дамып келеді, төмендеуде, ықпалын тигізуде, шөлейттеніп, өзгеріске
ұшырауда, тартылып жатыр, бүлініп жатыр, топырақ.
Қазіргі кезде ғылым мен техника Бұл даму биосфераға тікелей Экологиялық жағдай
күн сайын. Табиғаты да бұрын-соңды болмаған ... Көптеген аймақтарымызда техногенді
тозуда, су қоры ... , атмосфера ластанып, ормандар сиреді, табиғат

нудно очень

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
арина256545
24.09.2021 04:29
Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. қанаты қатпаған анасы азық әкелуге кеткенде, күтумен болады екен.бір күні жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, арашашы іздейді. көкектен көмек сұрай барса: — бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, – дейді көкек.одан шығып, қарғаға барса: — үйленгелі жатқанымда, мазамды алма, – дейді. қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. бір кезде дәуітті көреді. дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп: — достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды.қарлығаш сонда: — жауыз жылан жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. соған не істерімді білмеймін, – деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп-төгіп жібереді.— олай болса, мені жеткіз тезірек, – дейді дәуіт. қарлығаш қанатын тосады. дәуіт жотасына шығып алады.көзді ашып-жұмғанша ұясына жетеді. жылан ұяға тақап қалған екен. дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйқтамақшы екен.дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады.дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. содан бері талай заман өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.
0,0(0 оценок)
Ответ:
danil820
07.06.2021 09:38

1. Қос сөздердің жасалу жолдары.

Екі сөздің бір-бірімен қосарлануы я бір сөздің қайталануы арқылы жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздерді қос сөздер дейді: жөн-жоба, ойын-күлкі, асықпай-саспай, айта-айта, сауық-сайран т.б.

Қос сөздер екі түрлі: 1) қайталама қос сөздер, 2) қосарлама қос сөздер.

Қайталама қос сөздер- бір сөздің қайталануы арқылы жасалады: ойдым-ойдым, жалп-жалп, сала-сала, үйден-үйге, бетпе-бетт.б.

Қайталама қос сөздердің 4 түрлі жасалу жолы бар:

1.Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы,жылға-жылға,су-су,қарқ-қарқ,тау-тау,ұасқ-ұсақ т.б.

2.Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы: ауызба-ауыз, көзбе-көз, үй-үйге, өзінен-өзі, өзімен-өзі т.б.

3.Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады.Мысалы: кісі-місі, қағаз-мағаз, жалт-жұлт, тас-мас нан-пан, кемпір-семпір т.б.

4.Бір сыңары ықшамдалып жасалады.Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.

Қосарлама қос сөздер- сөздердің бір-бірімен мен қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: ағайын-туған, ата-ана, ел-жұрт, қадір-қасиет т.б.

Қосарлама қос сөздер 5 түрлі жолмен жасалады.

1.Сыңарлары синонимдес болып келеді.Мысалы, ашу-ыза, өнер-білім, қазан-ошақ, төсек-орын, мінез-құлық т.б.

2.Сыңарлары антонимдес болып келеді.Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.

3.Бір сыңары мағынасыз болып келеді.Мысалы, бала-шаға, киім- кешек, кедей-кепшік,емін-еркін т.б.

4.Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.Мысалы,анда-санда, ығы-жығы,ту-талақай, ұйпа,тұйпа т.б.

5.Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді.Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени,үнді-еуропа т.б.

2. Зат есімнің мағыналық түрлері.

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап береді.

Зат есімнің 4 мағыналық  түрі бар.

Жалпы есім -  біркелкі заттарды , құбылыстарды жаппай атайтын сөздер.

Жалқы есім   арнайы берілген есімдер мен атаулар.

Деректі зат есім  ол   нақтылы  тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есімдер.

Дерексіз зат есім   көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары.

3. Біріккен сөздердің қажетті сыңарын тауып жазу.

Қонақүй

Үштөбе

Ботакөз

Ешкім

Жетіқарақшы

Таңертең

Дәрі-дәрмек

Шаңсорғыш

Мектепалды

Жезтаңдай

Әнеукүні

Қолшатыр

Елбасы

Бағдаршам

Ғаламтор

Саябақ

Тасбақа

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота