Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген алғашқы кинотуындыларының бірі, «Біздің сүйікті дәрігер», музыкалық комедиясы көрермен қауымды Шара Жиенқұлова, Бибігүл Төлегенова, Серке Қожамқұлов, Ермек Серкебаев сынды қазақ өнерінің майталмандарымен қауыштырды. Фильм премьерасы 1958 жылы наурызда Алматы қаласында, ал Бүкілодақтың премьера 1958 жылдың 12 маусымында Мәскеу қаласында өтті.
Казахстаның шипажайларының бірінде дәрігер Лавров қызмет етеді. Ақ халатты абзал жаннан ем қабылдаған кез келген азамат оның адамгершілігі мен өз ісінің шебері екенін мәңгілік жадында сақтайды. Дәрігер Лавровтың алпыс жылдық мерейтойының қарсаңында мәдениет қызметкері Бибігүл мен шипажай басшысының хатшысы Ксения Павловна концерттік кеш ұйымдастыруға дайындалады. Бірақ, шипажай басшысы Филькин кешті ұйымдастыру үшін кететін шығынмен келіспей, қаражат беруден бас тартады. Сонда Бибігүл жанына шипажайға демалуға келген суретші Мұрат пен оның әнші досы Тәкенді ертіп, әншілерді кешке қатысуға шақырады. Алайда, әншілер дәл сол кеште басқа жаққа барулары керектігін айтып, шақыруды қабылдамайды. Амалдары таусылған Бибігүл, Тәкен және Мұрат шипажайға келгенде, шақырған қонақтарын көріп, аң-таң болады. Барлық өнерпаздар қандай кешке баратындарын айтпаған соң, ұйымдастырушылар мен кеш қонақтары бір-бірлерін дұрыс түсінбеген екен
Есімше — етистиктиң есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған откен шак мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрыңгы откен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку