Vanek041005
03.11.2020 18:21

Оқжетпес туралы аңЫП Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын
нәрсе - табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Окжетпес» тасының
жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол
«Оқжетпес» жартасының калай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз.
Ал аңыз былай дейді:
Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Окжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес
туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала
күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең
жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік
заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайкасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін
қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдет,
Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады.
Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ.
Айларға созылған соғыстың салдарынан Окжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде
жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей
орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең акырында әлі кетіп, акыры демі бітті-ау деген
кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа
қалдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй
тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы
Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес,
шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.
1) Батыр бала күнінде қандай болған?
2) Батыр алган жарақатын қалай емдеген?
3) Окжетпес қалай тасқа айналған?
4) Бастапқы болжамын түпнұсқаға сәйкес келді ме? Қай тұстары?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ksysharaz
27.03.2020 11:17

Объяснение: Қазіргі дефиле сахнасы биікте орналасқан, яғни платформаларда өткізіледі. Біз оны подиум деп атаймыз. Көрсетілімдерге бұрынғыдай сән­ді киімдерді сатып алушылар ғана келмейді, қазір БАҚ өкілдері мен сән әлемінің қас шеберлерін шақыру тұрақты үрдіске айналған. Әсі­ресе жаңа топтамалардың жарнамасына жан бітіретін журналист қа­уымының көрсетілімдерде көбірек болуы маңызды рөл атқарады. Ми­ланның әйгілі Pambianco Strategie di Impresa SpA деп аталатын ком­паниясының са­рапшы мамандары жүргізген зерттеуге сенсек, де­­­филеге кеткен қар­жы­ның 6%-ы тек PR мен жарнамалау жұ­мыс­та­ры­на кетеді. Ал жаңа топ­тамаларға келіп түсетін тапсырыстың 30-50%-ы сол жарнамалардың ар­қасында жүзеге асатын көрінеді. Де­фи­­ленің ең басты кейіпкерлері са­налатын модельдердің де жа­­­ла­қылары жаман емес, атақты ком­паниялар бір көрсетілім үшін бір моделіне 10-30 мың АҚШ дол­ларын тө­лейді. Айта кетейік, әлем­дік деңгейдегі сән үйлерінің әрбірінде визит карточкасы саналатын түрлі түсті көмескі жарықтар бар. Мысалы, Джон Гальяноның сән көрсетілімдерінде – алқызыл түстес, ал Christian Dior-да айнадан жа­сал­ған подиум қолданылады. Мұндай атақты дизайнерлер үшін есім­дері әлемге танымал адамдардың көр­сетілімдерге келуі – ең ма­ңыз­­ды дүние. Сол үшін де олар белгілі өнер жұл­дыздары мен қалталы бизнесмендердің көрсетілімге келіп кетуіне қажетті жол ақысын, жа­тын орны мен киетін киімдері үшін қомақты қаржы төлеуге дейін ба­­рады. Себебі олар брендіні жарнамалау үшін көп көмектеседі. Ал де­­­филені өткізуден бас тарту деген компанияның қаржылық дағ­да­рыс­қа ұшырап, құрдымға кеткендігін білдіреді. Prada Group-тың пре­зи­денті Патрицио Бертеллидің айтуынша, дефилесіз еш­қандай өнім сәт­ті шықпайды, сол үшін де сән көрсетілімдерінің бүгінгі әлем­дік fa­shion – индустриядағы орны бұрынғы заманғыдан гөрі маңыздырақ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
VIP161
22.09.2021 12:06

Менің сүйікті ойыншығым туралы.

Әрбір балада көптеген ойыншық түрлері болатыны сөзсіз – ата – анасы, әжелері мен аталары, ағалары мен апалары туған күн, жаңа жыл, мереке секілді күндері түрлі ойыншықтар сатып алып беріп жатады. Менде де бөлмемде ойыншықтарымды жинайтын шкафта бос орын жоқ. Дегенмен, осы көптеген түрлі ойыншық ішінде менің сүйсініп ойнайтын ойыншығым - ол ағаштан әзірленген біздің ас үйіміздің кішігірім көшірмесі. Ата – анам туған күніме сыйлаған болатын. Әкем оны өз қолымен ағаштан жасап, сыртын арнайы ойыншықтарға арналған боуямен бояп берген болатын. Қолдан жасалған ойыншық болған соң өзіме аса ыстық. Барлық есіктері ашылып, шкаф ішіне ойыншық ыдыс – аяқты жайғастырып қоюға болады. Тіпті тоңазытқыш пен ас әзірлейтін пеш те бар. Сабақтан бос уақытта осы ас үй ойыншығымен ойнағанды ұнатамын. Түрлі тамақ әзірлегендей елестетіп ойнаймын. Одан қуыршақтарым мен жұмсақ ойыншықтарымды отырғызып қойып, оларға «пісірген» тамақты беріп, ойнағанды жақсы көремін. Анам тамақты өте дәмді әзірлеп, неше түрлі тәттілер пісіреді. Мен де бой жеткенде анама ұқсап тамақты дәмді әзірлеп, отбасымды қуантқым келеді.Ал әзірге мен тек үйреніп, анамның істегенін қайталауға тырысып жүрмін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота