ВладДвоичник2002
04.09.2021 01:11

Хан Тәңірі шыңы Қазақстанның ең биік нүктесі, Орталық Тянь-Шаньның ең әдемі шыңдарына жатады. Үшкір пирамидаға ұқсас мәрмәр шың барлық жерден көрінеді. Бұл шыңға байланысты неше түрлі аңыздар бар, оның басқаша аты Тәңіртау немесе Қантау, соңғы атаудың себебі кешкі күн батқан уақытта шыңның түсі қызғылт түске боялады. Жетімыңдық шыңдардың ең солтүстікте орналасқаны осы Хан Тәңірі шыңы. Хан Тәңірі шыңына шығу тым қиын, сондықтан альпинистер мен эксремалды туризм ұнататындарға өте қызық. Қазақстанға шыңның солтүстік жағы қарайды. «Хан Тәңірінің солтүстік жарына» шығу көптеген альпинистердің арманы болып саналады.  Хантәңірі шыңы теңіз деңгейінен 7010 метр биікте тұр. Шыңның оңтүстік бөлігі Қытайға, батысы Қырғызстанға қараса, солтүстіктегі бөлігі біздің елге тиесілі.  Хантәңірі шыңы жайлы деректер ертедегі жиһангездердің жазбаларында кездеседі. Дегенмен ғылыми тұрғыдағы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырда орыстың әйгілі саяхатшысы Петр Семенов-Тянь-Шанскийдің еңбегінде тіркелді. найдите слова с родительным падежом

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kucm14
27.02.2023 01:00

Қазіргі заманғы Қазақстан туралы, басты ұлттық символдардың бірі – Алтын адамды еске алмай ойлау мүмкін емес. Алтын адам ХХ ғасырдың 70 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында табылған болатын.

Есік қаласының шет жағында осыдан 30 жыл бұрын, бұл күндері кеңінен танымал сақ қорғаны табылған. Оның астында, шыршаның бөренелерімен қапталған мазарда, ағаш еденнің үстінде алтын тіліктер қадалған киім киген (Алтын адам) сақ жауынгерінің сүйегі жатқан. Басына күн құдайының символындай қанатты аттар бейнеленген, әшекеймен безендірілген биік үшкір бөрік кигізілген. Жерленген адамның қаруы ұзын қылыш пен қысқа қанжардан тұратын. Жауынгердің саз балшықтан жасалған құтыға құйылған қымыз, кесек-кесек ет салынған ағаш подностар, күміс пен қоладан жасалған қымбатты құтылар қойылған.

Табылған мола 40-тан астам қорғаннан тұратын және тарихтың көптеген құпияларын сақтаған үлкен мазардың оңтүстік шетіне орналасқан. Антропологтардың анықтамасы бойынша Есік қорғанында жерленген адамның жасы 17-18-дерде және ол біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасырдың аяғында өмір сүрген.

Ашық аспан астындағы «Сақ қорғандары» мұражайында болу – осыдан мыңдаған жылдар бұрын Ұлы Дала өңірінде құрыла бастаған қазақ мемлекеттігінің бастамасымен танысу.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Соня11647
10.04.2022 00:54

Астана күні қалай тойланады?

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Астана күні елімізде мемлекеттік мереке саналды, әр жылдың 6 шілдесінде қала күні аталып өтіледі. Жыл сайын бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды іс – шаралар, мерекелік концерттер, көрмелер, халықтық серуендер, спорттық сайыстар, ұлттық ойындар, түрлі фестивальдер ұйымдастырылады. Елордаға алыс – жақын шетелдер мен еліміздің бардық аймақтарынан қонақтар мен әртістер келіп, мерекелік концертке қатысады. Қала күні қарсаңында басталған мерекелік іс – шаралар айдың соңына дейін жалғасын табады. Бұл күні жас жұбайлар отау тігуді де дәстүрге айналдырған. Мерекенің соңы үлкен отшашумен аяқталады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота