4-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құрыңдар. Азамат үшін өз өмірін өрелі мақсат жолында сарп етуден артық мұрат жоқ. Азаматтық белсенділік тек елдің алдымен бiлегiн түрiп шыға келетін елгезектік емес, ол – бүгінгі күн пәрменінен ертеңгі келешектің көкейтесті мүддесін та танып барып, қайратқа жүгініп, әрекетке жүгіретін қапысыз көрегендік. Мұндай өресі биік күресте сара ақылмен қоса, салқын сабыр таптырмас қару. Ұрпақтың ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрасы өзі бастан кешкендерден түйген азды-көпті рухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым өзінің келешегінен күдер үзген қауым. (Әбіш Кекілбаев) 1. Еліңнің тағдыры өзіңнің тағдырың. 2. Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі. 3. Еліңнің жұты болма, құты бол. 4. Бақ атадан қалған мұра емес. (Мырзатай Жолдасбеков) Зиялылар өз халқына қызмет етудің, халықпен ортақ тіл табыса білудің неғұрлым тиімді жолдарын таба білуі тиіс. Ұлттық рухтың негізі ұлттық тіл, Тіл халықтың перзенті. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады. (Мұстафа Шоқай)
Осы жылы менің бос уақытым көп. Таңертең мектепке барар алдында, мен теледидар қараймын немесе компьютер қосамын. Демалыс күндері достарымызбен серуенге шығамыз. Біз дос қыздарымызбен киноға барамыз, көшеде серуендейміз, көңілді тілдесіп бос уақытымызды өткіземіз. Біз әр демалыс кезін асыға күтеміз. Біз қысқы демалыс кезінде, қала сыртына отбасымызбен бірге шығып, таудан сырғанаймыз. Ал жазғы демалыс кезінде, достарымызбен аквапаркке және саябақтарға барамыз. Мен бос уақытымды көңілді өткізгенді ұнатамын.
В этом году у меня много свободного времени. Утром перед школой смотрю телевизор или включаю компьютер. По выходным мы с друзьями отправляемся на прогулки. Мы с подругами ходим в кино, гуляем по улицам, общаемся и весело проводим своё свободное время. Каждый раз мы очень ждем каникул. На зимних каникулах мы выезжаем за город с семьей и катаемся на горках. А на длинных летних каникулах с друзьями ходим в аквапарки и в парки. Я люблю весело проводить своё свободное время
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен түсінік, адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Иә, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достың қандай болу керек екені бәрі бір. Ақылдыға қиын. Өйткені, ақылды адам достың қандай болуы керек екенін біледі. Өйткені, өзін түсінетін, мейірімді, ақылды дос табуға тырысып, оны талғайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі, достық сезім – мәңгілік.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку