Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! *** Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Қоян жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!
"Жастар"сарайы Астанада. Бүгін"Жастар" сарайы- уақытқа сай ғимарат, негізінен іскерлік кездесулерді, конференцияларды және басқа да мәдени-ағарту шараларын жүргізуге арналған. Құрылған жылы-1974.
"Жастар сарайы"- бұл төртқабатты айрықша көркемделген кез келген шараларға сәйкестендірілген , сондықтан көбіне жастар өз істерін өткізуге таңдайды.
Қазіргі замандағы басқа құрлыстардан жастар сарайы"Жастар" өзінің заманға сай және ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Бұл кешеннің құрамына келесі бөлімшелер кіреді: Кино концерт залы Спорт зал Сауықтыру кешені Бассейн Тренажер залы Төрт би залдары "Жастар" сарайының жалпы ауданы 13 мыңнан асатын екі фойесінде шоу- программалар жиі өткізіледі, дискотекалар және мерекелік кештер, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. Техникалық жабдықталған фойе кез келген деңгейдегі әртүрлі шараларды өткізуге мүмкіндік береді. "Жастар" өзінің Астанадағы нағыз "ардагер" екеніне қарамастан өзінің өзектілігін тіпті бүгінде жоғалтпаған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку