Қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкіліне хат жазу.
Сәлем, Андрей!
Қалың қалай? Үйіңе аман-есен жеттің бе?
Сабақ басталып, бұрынғыдай ғаламтор беттеріне жиі кірмей жүрген сияқтысың?
Сенің алдындағы хатыңды оқып, бір қуанып қалдым! Қазақ тілін үйрену туралы дұрыс шешім қабылдапсың! "Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін" деп аталарымыз айтқандай, қазақ тілін меңгерсең, артық болмас. "Ана тілің алпыс тілге татиды" демекші, ана тіліміз - біздің бойымызға ана сүтімен дарыған байлығымыз. Сенің ана тілің өзге болғанымен, қазақ тілін меңгеру - бүгінгі заман талабы.
Енді барынша көп сөз үйреніп, қазақша хабарлар көріп, көп жаттығуға тырыс. Мен де қолымнан келгенше көмектесейін. Осылайша қазақша хат алмасып тұрайық!
Жақсы, хабарласып тұр!
Сәлеммен, досың Әсет
1)Атадан мал қалмасада, тал қалсын
2)Атасыз ұл ақылға жарамайды
Анасыз қыз жасауға жарамайды
3)Атасы бұлан атпағанның,
баласы құлан атпайды
4)Баласыз ана-гүлсіз алма
5) Ата балаға шыншыл
6) Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер
7) Үлкен бастар, кіші қостар
8) Әзілің жарасса атаңмен ойна
9) Ана алақанның аясы
Ақ шынардың саясы
10)Ағайын алтау
Ана біреу
11)Ананың сүті бал
Баланың тілі бал
12) Ананың сүйген жері отқа күймейді оқта тимейді
13)Ананың алды ақ жайлау
14)Бала ананың бауыр еті көз нұры
15)Мылқаудаң тіліне анасы түсінеді
16) Анасын сүйгеннің баласын сүй
17) Баланың өзі болғандай
Келіннің өзі келгендей
18)Өзім асыраған күшігім өзімді қапты
19) Бөрі баласын асырағанмен ит болмас
20)Қадіріңді білмеске, қадамыңды көтерме
21) Таршылықты көрмеген , кемшілікті көрмейді
22)Өзі болған қыз төркінін танымайды
23)Есекті отқа адасаң , боққа қашар
24)Біреу, біреуді сүйеу
25) Адамның күні адаммен
26) Бейтаныс кісі, бітеу жаңғақ
27) Адам қағысы заман қағысы
28)Әркімнің өзі шығар білігі бар
29)Адам бір-біріне қонақ
30)Саңырауға сәлем десең атаңның басы дер