mikran
14.11.2020 14:21

Қуаныш иесінің қандай жетістіктері, жақсы қасиеттері ерекше айтылған? Құрметті Бекнұр Берікұлы!
Сізді «Кәсіп» жеке шаруашылығының құрылғанына 10 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз.
Біз Сізді әділ басшы, білікті маман ретінде жоғары бағалаймыз. Сіз осы уақыт аралығында
мол жетістіктерге жеттіңіз.
Біздің ұжым атынан сізге зор денсаулық, мол шығармашылық табыс, отбасылық бақыт
тілейміз.
Ізгі тілекпен «Кәсіп» жеке шаруашылығының ұжымы
А
Жетістігі туралы ашып айтылмаған, әділ басшы, білікті маман
Мол жетістік, әділ басшы, білікті маман
Екі жауап та дұрыс​


Қуаныш иесінің қандай жетістіктері, жақсы қасиеттері ерекше айтылған? Құрметті Бекнұр Берікұлы!Сізді

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sergo196
25.09.2020 10:18

Адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай тағы бір өсімдік – сәбіз. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді.

Пайдалы қасиет сәбіз шырынында көбірек сақталады. Сондықтан да оны кішкентай бөбектер, болашақ және бала емізетін аналар, асқазан, бүйрек, жүрек, қант диабеті ауруына шалдыққан жандардың көбірек пайдаланғаны жөн. Ересек адам күніне 1 стақан сәбіз шырынын пайдаланса, әбден жеткілікті. Тек сәбіз шырыны тұрып қалмауы керек. Ұзақ тұрып қалса, шырынның сапасы өзгеріп, емдік қасиеті жоғалады.

Сәбіздің ағзаға берер пайдасы халыққа ертеден-ақ белгілі. Ежелгі Русь елінде сәбіздің көмегімен тыныс жолдарын, жүрек, бауырды емдеген. Қазіргі таңда ғалымдар сәбіздің құрамындағы әрбір дәруменге кеңінен тоқталып, оның емдік қасиеттерін тарқатып айтуда.

Сәбіз құрамындағы А дәрумені адамның бойын өсіреді, көру қабілеті мен теріні жақсартуға ықпал етеді. Бұл дәрумен жұмыртқа, бауыр және сүт өнімдерінде кездеседі. Сондықтан да, сәбізді осы тағамдармен бірге пайдаланса болады. Сәбізді қаймақпен араластырып пайдаланса, оның құрамындағы каротиннің едәуір бөлшегін адам ағзасы өзіне оңай сіңіре алады.

Еуропа елдерінде сәбізді балмен араластырып сақтайды екен. Мерекелік басқосуларда еуропалықтар бір-біріне балда сақталған сәбіз сыйлайды екен. Бұл «Денсаулығың мықты болсын» деген ниеттің белгісі.

Сәбіздің құрамында каротиннен бөлек адам ағзасына сіңгенде глюкозаға айналатын 6-8 пайыз қант та бар. Ол көбіне сәбіздің сыртқы жұқа қабығында сақталады. Ал ортаңғы өзегі аскорбин қышқылы мен В дәруменіне бай.

Сәбіз қаны азайған адамдарға өте пайдалы. Оның құрамындағы фолий қышқылы қанның қызыл түйіршігі эритроцитке тез айналады. Бұл қышқыл картоп пен ас бұршақта да кездеседі, бірақ оны көбіне қайнатып барып пайдаланамыз. Ал сәбіз шикі күйінде де дәмді. Басқа өсімдіктер сияқты сәбізде де минералды заттар көп. Соған орай бүйрегі, жүрегі, қан тамырлары ауыратын адамға сәбіздің пайдасы мол. Сәбізді көптеген тағам түрлеріне қосып әзірлеуге болады.

Сәбізді тері күтіміне пайдалануға да болады. Дәрумендерге бай сәбізден жасалған маска терінің табиғи қалпын сақтауға, тартылып, тазаруына ықпал етеді. Күйік шалғанда үккіштен өткізілген сәбізді жара-сызаттарға басса, теріде күйік ізі қалмайды.

 

 

0,0(0 оценок)
Ответ:
diarryfokks
12.06.2021 17:04
Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Дене тұрқы 100 — 110 см, құйрығының ұзындығы 45 — 50 см. Құйрық жүні үлпілдек. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Қызыл қасқыр жаз айларында альпі және субальпі белдеулерінде 2500 — 4000 м биіктікте, таутеке мен арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде түрлі қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады. Көбеюі жөнінде деректер аз. Мысалы, Бейжің хайуанаттар паркінде қызыл қасқырдың қаңтар айында ұйығып, 60 күннен кейін көбіне 3 — 4 күшік туатыны анықталған. Көбею кезінде үйірімен (5 — 10, кейде 30) жүреді. Қызыл қасқыр — терісі бағалы аң. Саны өте аз, соңғы 40 жылда Қазақстанда қызыл қасқырдың кездескені туралы дерек жоқ. Қызыл Қасқыр Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота