артиик
08.10.2022 03:30

- Сəлеметсіз бе! - Танысалық, шырақ. Мен Телман аудандық атқару комитетінің председателі -
Қанабекпін.
- Мен осы Қарағанды күзетіп ұалған Ермек деген жұмысшымын.
- Бəрекелді! Іздегеніміз -сен едің. Мына кісілер-сонау Донбастан. Москвадан келеді.
Қарағандыға жан салмақ, бізбен бірге отырып,Совет Қарағандысын жасамақ. Танысып қой Сергей Петрович Щербаков,-деп зор денелі,бурыл бас кісіге нұсқады,-өзіңдей ескі шахтер, болашақ трест бастығы... Механик Козлов, слесарь Лапшин, мына кісі-инженер Орлов.
Ермек енді əрқайсысымен қол алысты. Суық, сұрғылт жүзіне қан жүгірген көзі жайнап барады. Тұйық, ауыр мінез адамның аузынан əлі мардымды ештеме шықпаса да, өңіндегі өзгерістер қуанышын сездіріп тұр.
Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. Жүгірген бала, жебелей басқан əйел-еркектер көрінеді. Маңайдағы колхоздардан көмір алуға келген колхозшылар да, өтіп бара жатқан бірен-саран аттылар да бұрылып, қонақтардың маңына жиналды. Одан-бұдан жиыла -жиыла кішігірім топ құрылды.
- Қарағандыны жүргізуге келіпті.
- Донбастың мастерлері,-дейді.
- Е, «осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді».
Көп ішінде сабыр-күбір осылай жұріп жатты. Ермек қалтасынан бір шумақ кілт суырып, Щербаковқа ұсынды.
- Чайковтан естіген едім, күткен едім. Жақсы келдіңіздер, міне, завод кілтін енді өз қолыңызға алыңыз.
Щербаков кілтті алған соң тебінгідей жалпақ алақанына салып, біраз ойланып тұрды да кішірек көзін төңірекке жіберді. Кең дала оның көңілін де кеңейтіп жңберген тəрізді. Қолын көтере, сол далаға мегзей.
- Жолдастар!- деді жуан дауыспен кең иықты, алып денелі адамның даусы да зор, салмақты шықты. -Осы далада Аппақ Байжанов қой бағып жүріп, суыр інінен Қарағанды көмірін тапқалы жүзге жуық жыл өтіп барады. Содан бері орыс- ағылышын капиталистері қазақ жерінің байлығын, қазақ халқының арманын осы кілтпен жауып ұстағандай болса, біз енді осы кілтпен бəрін ашамыз.
Тапсырма.
1. Мəтінді оқып, мəтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
LanaAnn
19.10.2022 19:40

Фильм әлемнің барлық көшіп-қонушыларына арналады және 1930-шы жылдардың мюзиклынан кейінгі керемет қиындықтарға қарамастан, осы бөліктерде болғандардың барлығына үйленген қасиетті қазақ жеріне алғыс айтамыз.

Өндіріс: «Қазақфильм» АҚ. Ш.Айманова

Жыл: 2011ж

Премьер: 2011 жылғы 2 маусым

Директор: Сламбек Тәуекел

Сценарий жазушылары: Лоуренс Сон, Сламбек Тауекель

Оператор: Павел Казаков, Александр Костолев

Суретші: Юлия Левицкая

Рөлдерде:

Болат Абдилманов,

Нұрқанат Жақыпбай,

Ахн Чанг Хьюнг

Эдвард Пак,

Назгүл Қарабалина,

Сергей Попов,

Ержан Нұрымбет,

Әнуар Нұрпейісов,

Баглан Абдраимов,

Татьяна Цой,

Тілектес Мейрамов,

Райхан Айткожанова,

Мэри Ли,

Тамара Қосубаева,

Дариға Құсықбаева,

Дулыға Ақмолда,

Сергей Никоненко

және басқалар.

- Үздік сценарий, Ұлттық кинематография сыйлығы, Құлагер, Қазақстан, 2015

0,0(0 оценок)
Ответ:
Tashernaut
22.08.2021 03:30
Би Темірге айтқан бірінші толғауы

Аспанды бұлт құрсайды -

Күн жауарға ұқсайды.

Көлдерде қулар шулайды -

Көкшіліден ол айуан

Соққы жегенге ұқсайды.

Көп ішінде бір жалғыз

Көп мұңайып жылайды -

Күйбендескен көп жаман

Сөзі тигенге ұқсайды!

Алп, алп басқан, алп басқан

Арабы торым өзіңсің,

Жазылы, алтын, қол кескен

Алдаспаным өзіңсің!

Білерді білмес не демес,

Сұлтан ием, сен менің

Бармай тапқан Қағбамсың!

Алтынды кесе сары бал

Алсам, мен саған ұсынармын,

Тал мойныма қол артсаң,

Күліктен бек ұнармын.

Көбең семіз торыңмын,

Көп құлыңның бірімін.

Жақсыңнан мені кем көрдің,

Жаманыңмен тең көрдің.

Жақсыңнан мені кем көрсең,

Жаманыңмен тең көрсең,

Ұялы берікке қос артып,

Сен есенде, мен сауда

Ырысымды сындайын,

Сегіз қиыр шартараптан іздермін!

Еділден аққан сызашық

Біз көргенде тебінгіге

жетер-жетпес су еді -

Телегейдей сайқалтып,

Жарқыраған беренді

Теңіз етсе, Тәңірі етті!

Жағасына қыршын біткен тал еді -

Жапырағын жайқалтып,

Терек етсе, Тәңірі етті!

Тебінгінің астынан

Ала балта суырысып,

Тепсінісіп келгенде

Тең атаның ұлы едің,

Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті

Автор: 

Шалкиіз Жырау

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота