Alesha55535
13.07.2022 18:53

Баянауыл - көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен отандық, шетелдік демалып келушілер үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, құмға қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны ақиқат. Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп. Солардың бірі - Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас - Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымал тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл аттардың бағасы қымбат болыпты. Оларды ең батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда соған қарамастан, күнде бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. Түн ортасында жер астынан түрі қорқынышты кемпір шығады. Ол жылқылардың ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас батыр көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды. Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгермейді. Таң арайлап атып, күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің жартысы тасқа айналып, қатып қалыпты. Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі - осы.
1-тапсырма: Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Ответ:
чашечкачая
27.04.2021 13:37

Сөйлемге фонетикалық талдау жасау:

Торы дөнен қос аяқтап шаба жөнелген.

(С.Мұратбеков).

Торы – 2 буын: то – ашық, ры – ашық.

Т - дауыссыз, қатаң;

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;  

Р – дауыссыз, үнді;  

Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік;

Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.

Дөнен – 2 буын: дө – ашық, нен – бітеу.

Д - дауыссыз, ұяң;

Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;  

Н - дауыссыз, үнді;

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Н - дауыссыз, үнді.

Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.

Қос – 1 буын: бітеу.

Қ - дауыссыз, қатаң;

О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;  

С - дауыссыз, қатаң.

Сөзде 3 әріп, 3 дыбыс бар.

Аяқтап – 3 буын: а – ашық, яқ – тұйық, тап – бітеу.  

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

Я – қосарлы дыбыс:

     - й - дауыссыз, үнді;

     -а - дауысты, жуан, ашық, езулік;

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

Қ - дауыссыз, қатаң;

Т - дауыссыз, қатаң;

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

П - дауыссыз, қатаң.

Сөзде 6 әріп, 7 дыбыс бар.

Шаба – 2 буын: ша — ашық, ба – ашық.

Ш – дауыссыз, қатаң;

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

Б – дауыссыз, ұяң;

А - дауысты, жуан, ашық, езулік;

Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.

Жөнелген- 3 буын: жө – ашық, нел – бітеу, ген – бітеу.

Ж - дауыссыз, ұяң;

Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;

Н - дауыссыз, үнді;

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Л - дауыссыз, үнді;  

Г – дауыссыз, ұяң;

Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;

Н - дауыссыз, үнді.

Сөзде 8 әріп, 8 дыбыс бар.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Юрчик777
28.04.2021 21:22
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстіртіарқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).

Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.

Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.

Арал теңізі алабына Оңтүстік жәнеОрталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу,Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.

Балқаш-Алакөл көлдер жүйесінеҚазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота