тозығы жеткен-өте ескі, ескірген
ашық көңілді- жайдары, жарқын, ашық мінезді, көңілді.
тар-кішкентай, шақ емес немесе тар бөлме-шағын бөлме
аш көз-іші тар адам, қызғаншақ
асықпаған-жәй қозғалған, жәй жүрген
жақтасқан-болысқан, көмектескен
үйлендірді-екі жастың басын қосты, үй болуына көмектесті
ат ізін суытпай-көп кешікпей
ат-тонын -бір затты мойындамау, басын алып қашу
асығың алшысынан түсе- жолы болып кетті
әңгіме жарасса-екеуінің ойы бір жерден шығу, не ортақ әңгіме табу
аузына құм құйылды-айтуға, қарсыласуға сөз таба алмай қалды
ат ізін салмаған-көптен хабарласпаған.
арқасы мұздап қоя берді-әңгімеден шошып кетті, қорқып кетті
арқа сүйеу-біреудің көмегіне сену
арасынан қыл өтпейтін-өте жақын дос
алқымынан алады-қылқындырады.
Объяснение:
Ай бетінде дақ бар.
Ай қорланса, арбаңды сайла. Күн қорланса, күрегіңді сайла.
Ай туса қуанба,
Жағымды туса қуан.
Ай шалқасынан туса – ай бойы аяз.
Ай қырынан туса, айбалтаңды сайла.
Айдабол, ас ішерде пайда бол!
Ақ Еділдің өзі болмасақ та, бұлағымыз.
Ақылды бастың өзі болмасақ та, құлағымыз.
Ақырап – аспандағы Қамбар тоғысы.
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызынан құтыла алмайсың.
Арғындар аса қонды,
Шөмекей баса қонды.
Арғын – адыр,
Қыпшақ – шадыр.
Арыстандай жігітте Алатаудай ақыл бар.
Астраханда атты кісі таң болар.
Атаңды Алатауда бір жығып ем (деме).
Аяз би, әліңді біл.
Құмырсқа, жолыңды біл.
Әзірейіл барда, жаным бар деме.
Барымта барда, малым бар деме.
Әлім келсе, Арыс суын байлар ем.
Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне.
Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
Барар жерің Балқан тау.
Ол да біздің көрген тау.
Бас-басыңа би болсаң, Манар тауға сыймассың.
Бидай – қырда.
Күріш – Сырда.
Жемістердің ғажабы – Жетісуда.
Босаға батса, таң атады.
Ботқаға қазан тоймас,
Пұттаған сөзді қолдаған құл
Мұхамметке үммет болмас.
Ергежейліге есектен биік көлік жоқ.
Ерді көрсең, Қыдыр тұт,
Асты көрсең, қадір тұт.
Есімханның ескі жолы,
Қасымханның қасқа жолы.
Жақсы – Ай мен Күндей –
Әлемге бірдей.
Жақсының сөзі – шамдай жарық, Айдай анық.
Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.