LenaFox456
30.01.2023 05:51

4-тапсырма.Мәтіннен кісі есімдерін тауып,кім?,қайда?қандай?не істейді ? деген сұрақтарға жауап беріңдер. Мысалы: Кім? –Сергей Петрович Жұмыс басталды. Көремісің, кеш те келе бастады, — деді Сергей Петрович,— колхозбен шарт жасасқан кезде, бұл көштер өзен суындай құйылады әлі. Иә, ел хабарланды, елеңдеп тұр. Соларға алдымен су, нан, баспана керек. Бізде әзір бірі жоқ. — Қинағанда су қинар, — деп Сейтқалы желкесін қасыды. Бүкіл Қарағандыда екі-үш құдық болатын, су тереңде. Құдықтың өзін көбейту оңай емес. Бірақ Сергей Петрович судан гөрі баспананы айта береді: — Темір жол жоқ, құрылыс материалдары жоқ. Қыстыкүні қайда паналайды жұмысшылар? — Жеті километрде «Қызылқұдық», төрт километрде «Аққұдық», алты километрде «Ащылыайрық», тоғыз километрде «Бұқпа» колхоздары тұр ғой. Тіпті, қысылып бара жатса, жербарак қазып алмай ма? Оған кеп материал керек емес. Бәрінен су қымбат. Суды колхоздан таси алмайды... Әңгімені шақылдаған балға дауысы бұзды. Биік, темір трубаның дәл түбіндегі тасқора бұрынғы «Герберт» шахтасы орнаған үй. Шахтаның өзін ағылшындар кетерінде мүлде бүлдіріп кеткен. Қазір сол шахта үйінін, бір бөлмесінде Көктайынша балға соғып тұр. Аты өзіне сай, киіктің асығындай ғана адам, ертеде арағандыда істеген атақты ұста болатын. Донбасшылар келгенін естіп, елден бұрын келді. Жаңа Қарағандыда бірінші соғылған балға, бірінші құрылған көрік соныкі. Қайла ұштап жатыр екен, қолының ебіне Сергей Петрович сүйсініп: — Темірді балшықтан оңай илейді екенсіз,— деді. Көктайынша орысша доғал тілімен именбей сөйлесті. — Қарақызды көрсеңіз не дер едіңіз? — Ол қайда? — Қайтыс болған. — Ескі жұмысшыларға хабарлай беріңіз, келе берсін. Қайлаларын ала келсін, сайман жетпейді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
begemot14
04.02.2023 06:20
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. “Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей, Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей, Міні қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей орныға алмас. Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Kairas
23.08.2022 16:24

Базар жырау."Атасы жақсы қандай-ды"

Жырдың басы елдің шежіресі қариялармен,ақылшы аға-жеңгелермен,құрбы-құрдастармен амандасудан басталады.Одан әрі отбасындағы адамдардың жақсы болса қандай болатыны айтылады.Мысалы:

Атасы жақсы қандай-ды

Перзент қамын ойлайды.

Перзентім аман болсын-деп өзге жанұя мүшелеріне тоқталған.Анасы жақсы болса,қалқам деп алдыңнан шығар,ағаң жақсы болса,асқар тауың, құлағанда қолдайды-деп отбасының бүкіл мүшелерін айтып,олардың жақсылықтарын дәріптейді. Қазақ өзі жанұясы,туыстары көбіменде танымал халық.Ағайынның ауызбіршілігі,сыйластығы арылмаса-деген тұжырым,ой бар.Отбасындағы ата-анасының,аға-жеңгесінің жақсылығын,қамқорлығын сезініп өскен адамда өз іні-қарындасына қамқор болады.Өлеңде қазақы отбасының,туыстар арасындағы бірлік,сыйластық қарым-қатынасты айту арқылы халықты татулыққа,жанұяның тұтастығына,туысқандардың ауызбірлігіне шақырады.Жастарды ата-анасын,үлкендерді құрметтеуге,бауырмалдыққа тәрбиелейді.Өлеңді тыңдау арқылы отбасының бірлігін нығайтып,бауырларын жақсы көре түседі.Жанар Айжанованың домбыраға қоса айтуымен тыңдадым,өлеңнің айтылуы ұнады.Маңызы,мәні бар жүрекке жылылық сыйлайтын дүние.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота