- Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткендіктен, Абай атанып кеткен.
- Абай Құнанбайұлы - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
- Абай Құнанбайұлы көптеген өлеңдеріне өзі ән жазған. Олардың ішіндегі танымалы - "Көзімнің қарасы" әні.
- Абай Құнанбайұлы 13 жасынан ел ісіне араласа бастаған.
- Абай Құнанбайұлы алғашқы уақыттарда өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген.
- Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты - Тоғжан.
- Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Бұл кезде Абай 15 жаста болған.
- Абайдың екінші әйелі Әйгерімге 1875 жылы үйленген.
- Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін, Оспанның туыс аға-інілері Еркежанның көркіне, мал-мүлкіне көз салып, әмеңгерлікпен үйленуін талап еткен. Еркежан өз қалауымен Абайға тұрмысқа шығады.
- Абайдың 3 әйелі, болған.
- Абайдың Ділдәдан туған балалары: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан.
- Абайдың Әйгерімнен туған балалары: Тұрағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, Кенже.
Подробнее - на -
Объяснение:
Жалпы, Жер жүзінде 6000-нан астам тіл болса, оның ішінде қолданыстағы мемлекеттік статусы бар тілдер және жойылу алдында тұрған сонымен қатар атауларын тек тарихтың көне ақпараттарынан көз шалып қалатын, бүгінде жер бетінде жоқ тілдер де бар. Сонымен қатар, «мемлекеттік тіл» мәртебесіне ие болғанымен, статусына сәйкес құрметке ие бола алмай келе жатқан тілдер де бар. Тіл тағдыры ел тағдырымен біртұтас болғандықтан, тілдің мәңгі жасауы халықтың ұлттық құндылықтарын жоғарғы дәрежеде дәріптеуімен сипатталады.Дербес еліміздің тарих тамыры тереңге бойлаған, қасиет оты еш сөнбес ұлттық тілі әр қазақ патриотының жүрегінде сөйлеп тұр.
Қасиетті тіліміздің жоспарлы саяси даму, халқымыздың тілдік құқығын қорғау бастамасы, көркем әдебиет пен ісқағаз тілін қалыптастыру жұмыстары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов сынды зиялыларымыздың ерен еңбегінен бастау алған. Заман қысымына орай, ұлт болашағы бұлыңғыр тартқан шақта, ұлттық тіліміздің тағдырын шешуде зиялыларымыз ұсынған жол айрықша болды.Сол себептен, тіліміздің бүгіні мен болшағын бағамдау үшін осы жолды сабақ ала жалғастыруымыз қажет.