-сіздің қай жеріңіз ауырады?
-басым,тамағым ауырады,жүрегім айнып тұр,
-шешініңіз,мен сізді тыңдайын,дем алыңыз,енді тіліңізді көрсетіңіз,сіздің аты-жөні кім?
-иванов сергей николаевич,
-неше жастасыз?
-он төрттемін,
-рентгенге түстіңіз бе?
-иә
-міне,мен сізге керекті дәріні жаздым,күніне үш рет қабылдауыңыз керек,
-тамағымды немен шайғаным жөн?
-шаятын дәріні де жаздым,бір апта дәрілерді ішіп,қаралуға тағы да келерсіз,
-рақмет
-енді рецепт бойынша дәріханадан дәрілерді алып,емделіңіз,сау болыңыз,
-сау болыңыз
- Сенің сүйікті пәндерің қандай?
- Қазақ тілі, ағылшын тілі және география.
- Сен қандай үйірмелерге қатысасың?
- Мен аптасына екі рет домбыра үйірмесіне және екі рет ағылшын тілі үйірмесіне барамын.
- Сенің сүйікті ісің бар ма?
- Иә, мен бос уақытымда сурет салғанды ұнатамын.
- Биылғы жазғы демалысыңды қайда өткізетін болдың?
- Алғашқы айда атам мен әжеме барып, жайлауда біраз демаламын. Одан кейін отбасымызбен Бурабайғ абарып демаламыз.
- Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?
- Мен болашақта дәрігер болуды армандаймын.
- Неліктен дәрігер болғың келеді?
- Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімімді, күш - жігерімді жұмсап, аянбай еңбек еткім келеді.
- Күніне ғаламторда қанша уақыт өткізесің?
- Жалпы ғаламторды тек сабаққа қажетті ақпарат іздеген кезде ғана қолдануға тырысамын, себебі ғаламторды жиі пайдаланғандықтан тәуелділік пайда болуы мүмкін.