юка28
18.05.2023 11:38

1. Мәтіннің мазмұнын танысып , орысша түсінгендеріңіз туралы қысқаша түсініктеме беріңіз/ Ознакомьтесь с содержанием текста и дайте краткое письменное пояснение на русском языке , что Вы поняли по данному тексту. 2. Мәтінде бірыңғай мүшелері бар сөйлемді тауып, астын сызыңыз/ Найдите и выпишите предложения с однородными членами и подчеркните их согласно правилам казахского языка. Облыстық басылымдар. «Солтүстік Қазақстан» газеті – облысымыздың ең басты газеті. Ол біздің аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріміз туралы мәлімет береді. Облыстық газет аймағымызда мемлекеттің ақпараттық саясатын өткізуге тапсырысын орындайды. Газет Петропавл қаласында басылады. Газет аптасына қазақ және орыс тілдерінде 3 рет шығады. «Солтүстік Қазақстан» газетінің тарихы 1907 жылдан 16 маусымнан басталады. Бірінші шығарушы-редакторы К.И.Геркулесов болды. Өзінің басылым уақыты аралығында газет бірнеше рет өзінің атауын өзгерткен. Ол «Приишимье», «Известия Петропавловского Совета солдатских и крестьянских депутатов», «Мир труда», «Ленинское знамя» деп аталған. 1998 жылы газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1998 жылдан бастап газет «Солтүстік Қазақстан» атауында шығарылатын болды.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
новпрве
16.04.2020 04:38
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
Мен Қазақстанда тұрамын. Ұлтым орыс. Мен өзімнің ана тілімді ардақтаймын. Мемлекеттік тіл- қазақ тілін өз ана тілімнен артық білемін. Мен қазақ сыныбында оқимын. Әрбір Отанын сүйген азамат мемлекеттік тілге құрметпен қарап, жақсы меңгеру керек. Жалпы, мемлекеттік рәміздердің бәрін де құрметтей білейік. Кейбір қазақ балаларына таң қаламын, өз тілдерінде сөйлеуге намыстанып тұратын. Олар намыстанып, ана тілін үйренуге көңіл бөлер деген мақсатта, оларға қазақ тілінде мақалдап, әзілдеп сөйлеймін. Бірақ, одан олар нәтиже шығарама жоқ па, білмеймін. Қанша тіл білсек те артық болмайды, ал мемлекеттік тілді толық меңгеру парызымыз.
0,0(0 оценок)
Ответ:
twicгр66
18.12.2022 07:38

Жайлау туралы.

Бір жылда төрт маусым болса, көшпенді қазақ халқы малдың қамын ойлап, осы төрт мезгілдің түрлі ауа райын ескере отырып, қоныстарын ауыстырып, оларды көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.

Әдетте жаз айларын (маусым, шілде тамыз) жайлауда өткізетін болған. Жайлау дегеніміз - жазғы қоныс. Көбінесе жайлау ретінде жайылымы жақсы, шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерлер таңдалған, ал олар тау баурайларында болған, сол себепті жазда тауға қарай қоныс аударатын болған.

Жайлауда тек жаз айларын өткізетіндіктен, ол жер басқа уақытта бос тұрады. Қыста қары қалың болып, ал көктем келісімен жердің беті кілемге ұқсап, құлпыра түседі. Шөбі де жақсы, қалың өседі. Суық қыстан шыққан мал жайлауда тойып секіреді, сонымен қатар адамдар біраз тынығып, демалады. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды. Қазақстанда қазірдің өзінде атақты жайлаулар бар: мысалы, Қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы т.б. Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы жібек жолы" өткен. Осы жерде жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді, көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге кешіп қонады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота