Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.
Қазақ елі Тәуелсіздігін жариялағаннан бергі уақыттың ішінде талай қиын белестерді артқа тастап, дамудың даңғыл жолына түсті. Ел болып еңсе түзеген де бір абырой екен, елордамызда қаншама рет әлемдік деңгейдегі шаралар өтті. Әлемнің мүйізі қарағайдай айтулы тұлғалары арнайы ат басын бұрып, мәртебелі мейманымыз болды. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің арқасында әлем елдері Қазақстан деген кең-байтақ отанымызды тани бастады. Күн санап асқақтаған абырой-беделіміз ақыры бізге «Expo-2017» сияқты халықаралық бірегей көрме өткізуге қолымызды жеткізді. Біле білгенге бұл да үлкен бақыт!