Timyr123678
27.10.2022 00:46

2-тапсырма. Оқушыларға екі түрлі мәтін ұсынылады. Мәтіндердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Әр мәтіннің ақпаратты берудегі стильдік ерекшелігін тану жұмыстарын жүргізеді. А мәтіні
Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алатындығын ұмытпағаны абзал. Адамзат жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіруді тоқтатуымыз қажет. А табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Жануарларға қиянат жасауға жол жоқ!
Ә мәтіні
Сіздің сүйікті жануарыңыз ауруға шалдықты ма? Сіз ем таба алмай шарқ ұрып жүрсіз бе? Онда сізге көмекке тек қайырымды дәрігер Айболит қана келе алады. Егер сіз Айболит дәрігерге келсеңіз айықпас аурудан айықтырып, деніне саулық сыйлап, дертіне шипа табады. Дертін жылдам анықтап, табиғи шөптермен лезде емдеп береді. Аң атаулы үшін дәрігер Айболиттен артық дәрігерді алты қабат аспанның ар жағынан да таба алмассыз. Сіз әлі де ойланып тұрсыз ба? Уақытты жоғалтпай Айболит дәрігерге келіңіз, сүйікті жануарыңызды ауруынан айықтырыңыз, екінші өмір сыйлаңыз.
А мәтіні
Ұқсастықтары
Ә мәтіні

2-тапсырма. Дефис арқылы жазылған сөздерді теріп жаз:​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
дашик27
24.02.2023 09:13

Мектеп кітапханасы

Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
anastdidenko20oziw5s
24.12.2021 11:11
Қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтар. Әр халықгың өзіндік ерекшелігіне қарай отбасы тәрбиесінде де ерекшеліктер болады. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерек-шеліктері оның халықгық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогакалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды үстанып, халықтың мүраттары мен арман-тілекгеріне сүйеніп отырған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота