OskarWild
31.01.2023 12:25

Мәтіннің тақырыбы қандай? Төле би ауырып жатқанда Ералы, Әбілмәмбет хандар, Абылай сұлтан мен Көкі, Қазыбек, Ержан билер және басқа да белгілі батырлар оның көңілін сұрап тұрған. Осындай күндердің бірінде Қаз дауысты Қазыбек би науқас Төле бидің бас жағында, қалғандары аяқ жағында отыр екен. Үйге сәлем беріп, жақсы киінген үш қария келіпті. Солар Төле биге: - Үшеуіміз үш жүзден көңіліңізді сұрай келдік. Қазақ сорлының ендігі күні не болар екен? Ардақты еліңізге қандай өсиет-өнеге айтып қалдырасыз? - депті әлгілердің біреуі. Сонда Төле би басын көтеріп, «Үш Жүзден келдік» дегенін жақтырмай: «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара, Руға бөлінгендердің, құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса – халқын сатады, Халық азса хандыққа таласады», – деген екен.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
АллахВТравелах
07.01.2021 09:31
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
алина3798
07.11.2022 17:57

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласында орналасқан. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темір тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. Кесене - үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған.

Кесененің жалпы архитектуралық құрылымдық жобасы мен композициясын қарастыру бұл құрылыс – мұсылмандық дәстүрдің қалыптасуының кіндік орталығы болғанын көрсетеді. Бұл сәулет ғимараты, барша жәдігерлерімен бірге ғасырлар бойы дәстүрлі Исламның жасампаздық рухын, асыл мұратын әйгілеп тұрады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота