Exzampkle
10.07.2022 08:30

15-бет 4- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, диалог құрыңдар. Мәтін мазмұнына сійкес дұрыс жауабын табыңдар. вот текст- Бір а ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: — Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: — Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
rusibragimova9
11.07.2020 06:40

Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.

Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.

Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ещКеРе11
08.05.2020 16:08

Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,

Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.

Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –

Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.

Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,

Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.

Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,

Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.

Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,

Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.

Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,

Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.

Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,

Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.

Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,

Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.

Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,

Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.

Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,

Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.

Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,

Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.

Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,

Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.

Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,

Құл Қожа Ахмет, не білдің? –

Білдіруші Алла бар.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота