Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз аты» оқырманға үлкен ой салады. Үміт, арман, қиял а ң қанаты екенін, қанағат пен бауырмалдылықтың керектігін айтады. Әке-шешесінен айырылған баланың адами қасиеттерге бай болып өсуі, қарапайымдылық пен зеректілікті, арманшыл болуы әсерлі баяндалады. Тағдырына мойымаған, өз күнін өзі көрген Тортайдың өмірін автор бірінші жақпен баяндайды.Тортай – тағдырдың ауыртпалығын жастай сезініп, өз қатарластарына қарағанда ерте есейген бала. Ата-анасынан қатар айырылып, өмірдің тәрбиесін алып жүрген Тортай қатарының үлкені және алды. «Ымырт үйіріле алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп-қашып, ұлардай шулап ойнап жүргеніміз. Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын Тортай арамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды...» Оның ауылдың өзге балаларындай емес, «қой аузынан шөп алмас жуас», көп ойнамайтын, жасқаншақ мінезді, бірақ, нағыз еңбекқор екенін автор осы бір үзіндіде айтып кетеді.
Әр оқу орнының өз формасы болу керек деп ойлаймын.Форма- сенің келбетің ,сол оқу орнының айнасы болуы керек.Формаңа қарап, адамдар сенің қай оқу орнынан екеніңді танып, білгені дұрыс.Колледж формас туралы айтатын болсам, студентке қара немесе қоңыр,қою көк түсті белдемше,сарафан мен ақ, көгілдір, ақшыл түсті кофта болғаны дұрыс сияқты. Сонымен бірге білім алушының шаш үлгісі де талапқа сай жиналғаны дұрыс.Өйткені, қазір шаштарын жаюды "мода" қылған оқугы да оқытушы да көп. Күтім көрмеген шаштарын жалбыратып, жайып қою ырымға да жаман қазақта.Кім болса да шаш жинақылығы қыз баланың ұқыптылығын,тәрбие деңгейінен хабар беріп тұрады деп ойлаймын. Ер балаларға колледж формасы ашық емес түстерден костюм, ақшыл түстен жейде болса әдемі көрінеді.Осы классикалық костюм үлгісіне шаш қою үлгісі де дұрыс болғаны жөн.Ою-өрнек, түрлі қисық сызықтармен басты сәндеу-басыңды қорлаумен тең.Сондықтан форма жөнінде айтарым, қандай да бір оқу орнында оқитын адамның формасы,сырт бейнесі қоғамда наразылық тудырмайтындай, әдемі де көз тартарлық,көпшілік құптарлықтай болуы тиіс.