"Мәңгілік ел-болашаққа бағдар"
Еліміз тәуелсіздік алған шақтан бастап,дамудың даңғыл жолыңа түсті.
Еліміз, мәңгі тәуелсіз мемлекет болып қалу үшін ұлт болып жұмылып, іс атқаруымыз керек. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
Жыл мезгілдері.
Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз және күз. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады. көктемде күн жылынады. Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Жаңбыр онша көп жаумайды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. Жаздан кейін қоңыр салқын күз де келіп жетеді. Бұл кезде енді күн қысқа, түн ұзақ болады. қарңғылық ерте түседі. Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі-жиі жауады. Күз айлары – жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Осындай кезде қыс та келіп қалады. Бұл кезде дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Қыс – жыл мезгілдерінің ең суық айлары. Қыстан кейін көптен күткен көктем де келеді. Бұл кезде күн жылына бастайды. Түн қысқарып, күн ұзарады. Күннің көзі жарқырайды. Кейде жылы жаңбыр жауып, оңтүстіктен жылы жел еседі. Енді көктем жазға өз орнын береді.