Ястеб22
14.09.2021 22:11

ЖАЗЫЛЫМ 9-тапсырма. Өлеңді негізгі бөлім етіп алып, кіріспе мен қорытындыны
өзің ойластырып, әңгіме жаз.
Жау, жаңбыр!
Аяқасты түнеріп
Кең далаға көлбеген.
Туған жердің аспаны.
Жау-жау, жаңбыр,
Көптен күтіп жүр едік,
Жау, жаңбыр,
Жауын жауа бастады.
Егінжайға шөлдеген.
Өтсе екен деп селдетіп,
Нөсер төлеп ауылды.
Барлығымыз әндетіп
Шақырдық-ау жауынды.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау, жаңбыр,
Жау-жау, жаңбыр,
Жау, жаңбыр,
Егін өссе, береке.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау, жаңбыр,
Елге әкелер мереке...
(Ескен Елубаев. «Күміс кебеже» )​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ruslan1111111123
10.09.2021 06:04
Мін тағып ес білгелі "достың" көбі,
Барымды басқаша етіп кескіндеді.
Бермесем өзім жайлы өзім айтып,
Білсем деп жүрген де жоқ ешкім мені.

Жатпай ма ел: "түсі игіден түңілме", - деп
Бір жанмын білім де көп, мінім де көп,
Кетер ем баяғыда бақытты боп,
Келеді жібермей-ақ тілім бөгеп.

Туғалы тура сөзден іркілмеген
Дерт болып жабысқалы бұл тіл деген.
Жамандап мені біреу оңған емес,
Ешкімнен болған емес күлкім де кем.

Болған да жеріміз жоқ елден ығыр,
Өтуде ертелі-кеш төрде ғұмыр,
Қызыл тіл ақиқаттың ақ жолынан
Ауытқып,ала қашып көрмеді бір.

Бәрі де еркінде ғой бір алланың,
Мен оны басқа жаққа бұра алмадым.
Сұм десе, сұмырай десе иек қышып,
Тұрады көре сала ұрандағым.

Түгі жоқ демеңіздер қызығарлық,
Жарасып жақсы жердің қызын алдық.
Ермедім ырқына да майда тілдің,
Көрмедім "ой, кәпірдің" ізін аңдып.

Сөзіме құлақ түріп жүрген бала,
Сен неге жалт қарадың күлмең қаға.
Ол рас, сорымды да, бағымды да
Тапсам мен - тауып жүрмін тілден ғана!
0,0(0 оценок)
Ответ:
блеск4
08.04.2023 17:30
Сен Қазақстанның қандай облыстарында болдың?

Мен  Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда облыстарында болдым.

Ол облыстардың қайсысы ерекше ұнады?
Әр қайсысы өзінше ерекше, біреуі сәулетімен, бірі ауа-райымен дегендей.
Қызылорда облысында күріш өсірілетінін білетін бе едің?
Оны білмеппін, бірақ Илья Ильин сол облыстан ғой, соны білемін.
Қарағанды көмірлі аймақ па?
Дұрыс айтасың.

Наурыз - діни  мереке ме?
Жоқ, халықтар мерекесі емес пе?
Ия, солай болуы мүмкін.
Сенің анаң наурыз көже пісіре алады ма?
Үйренді, бұрын білмейтін
Сенде ұлттық киім бар ма, Наурыз мерекесіне киюге?
Өзіме арнап тіктірдік.

Қазақстан Республикасының мерекелерінде демалыс береді ме?
Демалыс беріледі.
Конституция күні, Республика күні, Наурыз мерекесі, Жаңа жыл күндері демалдық.
Жаңа жылда қайда болдың?
Астанаға бардық.
Наурызда ше?
Онда достарыммен болдым.

Қазақстанның ұлттық ойындарына не жатады?
Ат жарыстары
Ал, ат жарыстарына не жатады?
Бәйге, көкпары, қыз қуу.
Қазақша күресте жатады ма?
Әрине, аты айтып тұрған жоқ па?
Арқан тарту спорт түрі ме?
Білмедім, олай емес шығар.

Қазақтың әншілері туралы айтсақ Әміре Қашаубаев есіме түседі

Ол кім, мен естімеппін
Ол кісі Францияда ән шырқапты.
Күләш Бәйсейтова жезтаңдай ән болған
Ия, жақында ол кісі туралы кино көргенмін
Бибігүл Төлегенова да атақты әнші емес пе?
Ия, әлі даусы өзгермеген

Мемлекетіміздің рәміздерін айтшы
Ел таңба, Ту, Ән ұран.
Ән ұранды жатқа білесің бе?
Білемін, мектепте жаттағанбыз
Спортсмендер шет елде жарыстарда жеңіске жеткенде, туымыз желбіреп, ән ұранымыз шырқалады емес пе?
Сонда бізде қуанышқа бөленіп, толқуда боламыз
Рахмет оларға, еліміздің рәміздерін әлемге танытқан.

Қазақстанның атақты журналистерін мен  біле бермеймін?
Мен де олар туралы ешнәрсе білмеймін
Теледидардағы жүргізушілер журналистер ме?
Кімдерді айтасың?
Мысалы: Дана Нұржігіт, Андрей Платонов, Ардақ Байғабыл
Мүмкін, білмедім.
Жарайды, енді ізденіп, білейік, әйтпесе ұят екен.

Мамандықтар түрлі-түрлі қайсысын таңдарымды білмей жүрмін.
Мен таңдап қойдым
Қойшы, шын ба, кім болмақшысың?
Заңгер боламын.
Оның орынды, заңды білсең қор болмайсың, халықтың да құқығын қорғайсың.
Сенде ойлан, жүре берме, уақыт күтпейді.
Ойланамын, бір шешімі табылар

Қазақ спортында осы бокстен жеңімпаздар көп, ия?
Оның рас.
Ал футболдан ойдан шыға алмай жүрміз бе?
Мен футболға қызықпаймын, сондықтан білмеймін.
Осы олимпиада жүлдегері болған қыздар қайда?
Майя ма?
Ия, сол
Жүрген болу керек, білмедім

Қазақстан табиғаты тамаша, жанға жайлы, қаншама ақын жазушылардың туындыларына себепкер болды десеңші?
Әсіресе, Көкшетау туралы көп айтылады емес пе?
Жұмбақтас, Оқжетпес табиғаттың тамаша өнері.
Сенің туған жеріңнің табиғаты қандай?
Бізде орман жоқ. Көбіне ашық дала. Қыста қар аз, бірақ жел қатты. Жаз өте ыстық.
Бұл Қызылорда ма?
Бірден таптың.

Қазақта қолөнері дамыған. Ағаштан түйін түйетін ұсталар болған
Домбыраны қолдан жасаған ба?
Домбыраны, киіз үйлерді ағаштан жасаған
Әжелер текемет басып, өрнек, кілем, алаша тоқыған.
Біздің үйде әдемі тоқылған кілем бар
Ал, бізде жазда тігеміз, қараша үй бар
Бізде домбыра бар.

Жамбыл Жабаев атамыз ақын ба?
Өте танымал ақын
Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл Жабаев құрметіне аталған ба?
Жамбыл атамыздың құрметіне аталған
Соғыс кезінде Ленинградтық өрендерім деген өлең шығарған ба?
Сол өлеңі көп адамға қуат берген
Жамбыл атамыз көп жасаған ба?
Көп жасаған.

Отбасылық дәстүр сендерде бар ма?
Ол халықтық дәстүрдің негізінде барлық отбасында бар шығар?
Соның бірі әкем қызға қырық үйден тыю деп кешке бізді қыдыруға жібермейді
Тағы қандай дәстүр бар?
Қысқа көйлек кигізбейді.
Дастархан басында асты жеуді үлкендер бастайды.
Ал, біздің от басында астан кейін атам әрдайым бата береді.

Ұлы Отан Соғысының Батырлары қазір қалмаған шығар?
Біздің облысымызда қалмады
Бізде де қалған жоқ
Бізде Ұлы Отан соғысы Батырларына көше берілген, сендерде ше?
Әрине, бізде де берілген, Мәңгілік от алаңы бар.
Бізде де, батыр қалалар мен Батырлар аты жазылған алаң бар

Павлодар солтүстік облыстарының бірі ме?
Ия, ол менің туған қалам
Ол жақ өте суық болар?
Ия, сендер шыдамайтын суық
Қалаларың әдемі ме?
Өте әдемі
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота