
-Сәлем!
-Сәлем!
-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?
-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.
-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?
-Жоқ. Ол қалай дайындалады?
-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.
Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!
-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.
-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.
-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!
-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!
-Қонақжайлығыңа рахмет!
-Келесі кездескенше,сау бол!
- Сау бол!
Абыз – ертеде елдің тәу ету жоралғыларына басшылық жасайтын əрі жаугершілік жағдайында жорыққа шығарда бата беретін, болжам жасап, жорамал айтатын жəне ежелден қалыптасқан əлеуметтік тəртіптің ертедегі нормалары мен принциптерін жетік меңгерген беделді тұлға.
Абыздың ел басқару жүйесіндегі жəне тіршілік қамына байланысты алуан түрлі салттар мен ғұрыптарды, наным-сенімдер, жосындарды атқарудағы айрықша рөлі оның қоғамдағы аса беделді əлеуметтік тұлға болуына ықпал етті. Абыз əскери жорықтарда ұрыс барысына əсер ету, оған күш дарыту жəне қарсы жақтың күшін əлсіретуге бағытталған арнайы магиялық шараларды атқарған. Aбыздардың негізгі қызметі – хан, қолбасшы төңірегінде болып сəуегейлік, болжаушылық жасау.
Деректерге қарағанда, абыздар жеке-дара əлеуметтік діни категория ретінде ерте орта ғасырда қалыптасқан. Алайда қазақ қоғамында абыздар атқаратын міндеттерді көп ретте бақсы, жырау, жауырыншы, жадышы да атқара берген. Фольклоршы Е. Тұрсынов байырғы əскери болжаушы-абыз қызметін кейіннен жырау типі алмастырған дейді. Қазақта абыздардың қызметі аса күрделі сипатта болғаны тарихтан белгілі.