
ответ:Танертең сағат 6.00 ұйқыдан тұрдым. Төсек орнымды жинастырып, жаттығу жасауға кірістім. Аяқтаған соң, шамамен, 6.30-дарда болу керек шәй қойдым да, жуынуға кеттім. Қайта келіп, дастархан басына отырдым, ноутбукті қостым, бүгінгі күннің ауа райымен, басты жаңалықтарымен танысып шықтым. Әдеттегідей, шәйдан соң сабақтарымды қайта қарадым. Уақыт жеткілікті... Біраз жүгіріп келсем де болады. Ал ендеше қарап жатқан болмас дедім де унтверситет алдындағы Ақбұлақты бір рет айналып, жүгіріп шықтым. Ауа райы керемет. Көңіл-күй көтеріліп қалды. Сағат тілі 8-ге де жақындап қалыпты ғой, сабаққа барайын. Жатақхана мен оқу корпусы арасы 5 минуттық жол. Сабаққа дайын болған сайын оқытушының келгенін асыға күтесің. Тапсырмаларды ойдағыдай тапсырып, келесі сабаққа, сосын басқа сабаққа...әйтеуір, осылай жүріп, сағаттың 2 болғанын білмей қаласың. Таңда сенімен қимай қоштасқан жатақханаға барып, бір-екі кесе шай ұрттайсың да, біліммен сусындататын "кітапхана" атты досыңа барасың. Сан саланы қамтитын кітаптарды көргенде жәннатқа түскендей күй кешесің. 2-3 сағат өте шығады. Ал міне, Жұлдыз(дебат клубының координаторы ғой, ал, мен сол клуб мүшесімін) хабарласты. Осы қыз ылғи менің жағдайымды сұрап, жиналысқа шақырады. Білгендерімді 1-ші курс студенттеріне үйретсін дейді-ау шамасы. Әдеттегідей, бас корпусқа барып, азды-көпті білген-түйгенімді іні-қарындастарыма үйретемін. Шамамен, 8-дерде жатақханама қайтып, ас дайындаймын. Кешкілік дастархан басында отырғанда ас ішумен қатар өз-өзіме есеп беремін. «Бүгін мен не істедім», «ертең қандай жоспарларым бар»...сұрақтар осылай шыға береді. Анамның «ас ішіп болған соң таза ауада жүріп қайт» деген ақылына құлақ асып, жарты сағат көлемінде жатақхана маңында жүріп, таза ауамен тыныстаймын. Қайта келген соң, 2-3 сағаттай сабақ қарап, уақыт артылып жатса, әлеуметтік желілерде достарыммен сөйлесемін. Түнгі сағат 1 ұйқы уақыты, яғни, жылы көрпеме оранып, ұйқыға кетемін...
Объяснение:
Біздің мемлекетіміз көп ұлтты, яғни тіл ортасына көп этностар әсер етеді. Заман талабына сай бір тілді (яғни ана тілді білуі) жеткіліксіз. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Біздің азаматтық борышымыз - сол тілді меңгеру. Өйткені көп тілді білудің пайдасы - қарым қатынас жасауға шегі жоқ. Сонымен бірге, ақпарат басқа тілде қабылдай алу жаңалықтар, мәліметтер объективті түрде бағалауға көмектеседі. Екінші тіл тусінуі басқа халықтың тәжірибесі мен мәдениеті, оның классикалық шығармалар мен әдет-ғұрыптар жүрекпен қабылдауға мүмкіндік сыйлайды. Қазақ тілі араб семьясына жатады. Ол өте бай. Оның ішінде мақал-мәтелдер, фразеологиялық айналымдар көп. Қазақ тілі кең мағыналы, нағыз таусылмайтын байлық. Б. Момышұлы тіл туралы жақсы пікір білдірді: "Бір тіл білген адам - бір адам, екі тіл білген адам - екі адам" Мен осы пікірге қосыламын, өйткені тіл - халықтын қазынасы, ал 2 тіл білген адам - жетік тұлға