«Ана» деген сөзді есту, оны іштей қайталау, сыртқа шығарып айту керемет сезім. Өйткені сол тіршілік иесінің арқасында сіз қазір осы шығарманы оқып отырсыз. Сіз барсыз. Сіз тірісіз. Сіз дүниеге келдіңіз.
Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң.
«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер. Оның өзінде төлін сүймейтін хайуан да жоқ.
Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің берекесі болып отырған ананың адамзат үшін алаңдап отыратыны тағы бар. Олар үйдің ғана емес, түздің де адамы. Қандай жұмыс болса да, қандай қиынық болса да көтеруге дайын. Өйткені олардың жанын нәзік жүрегін беріп етіп жаратқан. Ана екеу емес біреу ғана. Ал жалғыз дүниенің екінші рет қайтып келмейтінін, біреудің бірнешеу болмайтынын түсінсеңіз жақсылық жасаңыз. Көз жасын күлкіге, мұңын қуанышқа, жабырқаса жұбатып, сағынса қасынан табылыңыз. Ол міндетіңіз.
Ана бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі сондай өз баласына ғана емес әлемнің баласына орын бар. Өйткені ана мен бала бір-бірі үшін жаралған қос сөздегі бір ұғым.
Барында анаңызды қуантыңыз! Күлдіртіңіз! Оларға бәріне лайық!
Объяснение:
61. A) 9
62. A) дауыстыдан басталып дауыссызға бітеді.
63. E) төзімсіз, төзімді.
64. E) шырай
65. E) көптік жалғау
66. D) Есімдік
67. D) Түсіндірмелі салалас
68. B) Ыңғайлас салалас
69. В) оқушы
70. С)әке
71. D) Ұл
72. D) Біздің жатақханамыз.
73. А) Ашық буын.
74. D)кітабың
75. В) 3
76. D) Отыз – онға бөлінеді.
77. C) Есімдік
78. E) Адамсыңдар.
79. С) Бірінші
80. Е) Лепті сөйлем
Объяснение:
61. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны - 9. Олар: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, і, һ.
62. Мысалы: ар, ұят, үй
63. Төзімді-төзімсіз - антоним сөздер
64. Шырай – сын есімнің біртектес сапалық сынын анықтайтын ерекше категория
65. Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша
66. Есімдіктердің мағыналық түрлері жетеу: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау
67. Іс-әрекет түсіндіріліп тұр
68. "де" жалғауы арқылы байланысқан
69. -
70. Атау септік кім? не? сұрақтарына жауап берді.
Кім? әке.
71. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
72. -
73. Мысалы: ша-ға-ла, ә-же
74. (сенің) кітабың
75. Құрмалас сөйлемнің 3 түрі бар: салалас, сабақтас, аралас
76.Отыз(не?) - онға бөлінеді
77. кейбіреулері - белгісіздік есімдігі
78. -
79. -
80. Не деген тамаша өзен.
Сөйлемде айтушының көңіл-күйі мен сезімдері байқалғандықтан, сөйлем лепті болып табылады.