3)
Жекеше
І жақ:Менің Отаным,ана тілім,үйім,көлігім,сөмкем,аяқ киімім,қаламым.
ІІ жақ:Сенің Отаның,ана тілің,үйің,көлігің,сөмкең,аяқ киімнің,қаламың.
Сіздің (сыпайы түрде) Отаның,ана тіліңіз,үйіңіз,көлігіңіз,сөмкеңіз,аяқ киіміңіз,қаламыңыз.
ІІІ жақ:Оның Отары,ана тілі,үйі,көлігі, сөмкесі,аяқ киімі,қаламы.
Көпше:
І жақ: Біздің Отанымыз,ана тіліміз,үйіміз,көлігіміз,сөмкеміз,аяқ киіміміз,қаламымыз.
ІІ жақ:Сендердің Отандарың,ана тілдерің, үйлерің,көліктерің,сөмкелерің,аяқ киімдерің,қаламдарың.
Сіздердің Отадарыңыз,ана тілдеріңіз,үйлеріңіз,көліктеріңіз,сөмкелеріңіз,аяқ киімдеріңіз,қаламдарыңыз.
ІІІ жақ:Олардың Отаны,ана тілі,үйі,көлігі,сөмкесі,аяқ киімі,қаламы.
4) Жіктеу
Жекеше
І жақ:Мен дәрігермін,шахтермін,аспазбын.
ІІ жақ:Сен дәрігерсің,шахтерсің,аспазсың.
Сіз дәрігерсіз,шахтерсіз,аспазсыз.
Көпше
І:Біз дәрігерміз,шахтерміз,аспазбыз.
ІІ:Сендер дәрігерсіңдер,шахтерсіңдер,аспазсыңдар.
Сіздер дәрігерсіздер,шахтерсіздер,аспазсыздар.
ІІІ:Олар дәрігер,шахтер,аспаз.
5) Бұл сөйлемде қимыл-сын үстеуі - "ақырын" (Қалай?)
7) Оқу - түбір,+лық - сөз тудырушы жұрнақ,+тың - ілік септігі.
Біз - түбір,+дің - ілік септігі.
Дәптер - түбір,+лер - көптік жалғау,+іміз - тәуелдік жалғауының І жағы.
8) Қолыңдағы қызыл алманы қайдан алдың? Оның көркем бейнесі талайды тамсандырған. Мұғалім ашулы секілді ғой. Оның күлкісі қандай ажарлы!
9) Суреттер,апталар,доптар,кептерлер,адамдар,гүлдер.
10) Кеспе,сүзбе,өркен.
11) Мектеп - түбірі (зат есім),оқу - түбір (з.е),+шы - сөз тудырушы жұрнақ,+лар - көптік жалғау,+ы - тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,өлең - түбірі (азт есім),оқы - түбірі (етістік),+ды - жедел өткен шақ жұрнағы.
12) Олар гүл жинап жүр.
Жинап жүр - баяндауыш,олар - бастауыш,гүл - толықтауыш.
13) А (ашық буын ) - ғаш (бітеу буын) - тар (бітеу буын),ком (бітеу буын) - пью (ашық буын) - тер (бітеу буын), ұ (а.б) - қып (б.б) - ты (а.б),ә (а.б) - деп (б.б) - ті (а.б) - лік (б.б).
14) Көктем ерте келіп,ауа райы жылыды.Ағаштар гүлдеп,құстар бақта сайрады.
15) Қиғыш,сезгіш,көргіш,тергіш.
Табиғи апаттарды болдырмау үшін не істеу керек?
Бізді қоршаған орта: жан-ануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім. Сондықтан, менің ойымша, табиғи апаттарды болдырмау үшін табиғатты қастерлеп, аялау керек. Сонымен қатар айналамызды таза ұстап, қоқыс шашпауымыз керек.