uliii1
26.02.2021 11:10

составить небольшое предложения со словами сақтор
өрнекті
бедерлеу
очень нужно ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
rzd1
10.01.2021 16:26

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.

Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халкының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.

Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді,

0,0(0 оценок)
Ответ:
Frikkkkkkkk
04.09.2020 06:36

 Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – еліміздің өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы өз жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 – 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды».

Осыған ора, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді.

Мен Елбасының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, білім беру саласына өз үлесімді қосып жүрген жас маманмын. Бұл бағдарламада елбасымыз Отанымыздың ұлы мұратқа жету жолындағы жастардың рөлі зор екенін айшықтап берді. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуына тамаша мүмкіндік. Ұлт Көшбасшысының дұрыс бағыт – бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның ұлылығы деп түсінемін.

Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп Мен ауыл мектебінде жұмыс жасаймын және ауыл балаларының рухани дәрежесін көтеру, білімді етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек етудің зор жауапкершілік екенін сезінемін.«Жас мамандар» мектебінде болып, тәжірибелі ұстаздардан тәлім-тәрбие алып, мектепте өткен әртүрлі сайыстарға қатысып, өзімнің шеберлігімді шыңдадым. Атап айтсам, «Әр сабақ-бір жаңалық» тақырыбымен өткен онкүндікте 1-сыныпта өткізген әдіс алмасу сабағым әріптестер арасында зор ықыласықа ие болды.

Қорыта айтқанда: бүгінгі таңда білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару үдерісін жатырқамай қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуі керек.

Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қана қалыптастыра алады деп ойлаймын.

Елбасы аса көрегенділікпен, жастарды қолдады, сенім артты, жастар үшін «Қазақстан – 2050» стратегиясын жасады.

Біз жастар - қашанда ел көшін алға бастауда, Елбасымен біргеміз! Жастар болашаққа бастайтын ең басты күш екені – бізді алға ұмтылдырады. Биылғы жолдауда жастарға зор сенім артылды, сенімнен шығу жолында аянбай еңбек ететін боламыз. Мәңгілік елмен бірге – жарқын болашаққа бірге қадам басайық!

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота