Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.
Эссе. «Менің оқудан алған әсерім.»
Менің бұл оқудан алған әсерім ұшан- теңіз.Әсіресе артыма бұрылып қарасам,бұрын механикалық түрде сабақ өтіп, бір- біріне жалғасқан үлкен мақсаттар қойып,соған қайтсем жетем деп,өзім көп сөйлеп,баланы тыңдауды кейінге қалдырып келіппін .Ойласам сабаққа қойған мақсат оқушы үшін емес ,пән мұғалімі ретінде өзіме қойған сияқтымын .
Ал қазір өзіме қайтадан бір құрлық ашып алғандай жағдайдамын.Шын мәнінде мектепке ҚАЛАЙ көмектесу керек және шәкірттерімді НЕГЕ оқыту керектігін, ал оқу үдерісінде НЕ істеу керектігін 100 пайызға ұқтым десем қателеспеймін.
Сонда мен сабақ беріп қана қоймай ,өз әріптестеріме көшбасшы болумен қатар мектептің дамуы үшін үлес қоса алатын үлкен әріппен жазылатын МҰҒАЛІММІН,яғни КӨШБАСШЫМЫН.Ол менің қолымнан келетініне ешқандай шүбәм жоқ.Мектеп аясында ғана байланыс жасамай желілік қоғамдастық арқылы қаншама мұғаліммен байланысқа шығып,ойларымызды бөлісіп,идеялар ұяшығына ой қосып ,әрдайым дамуда боламыз.Адамгершілік тұрғысынан әріптес,дос ,пікірлес адамдар тауып, көптеген ортақ істердің шешімін табамыз.Сөйлеу емес,ой қозғау,байланыс жасау, даму деген үдерістердің аясы кеңейеді.Тіптен әрбір тасталған идеяның әрқайсысы өзінше құндылыққа ие .Мен ой тыңдау ,метатану,стратегия, идея тастау,сыни ойлау үдерісінің баланы оқытуда аса маңызды екенін түсініп қана қоймай ,қолдана алатын жағдайдамын.Бұрын өз—өзіме ойша сұрақ қойып, жауап іздеп ойланатынмын ,ал енді осы үдеріске шәкірттерімді күнделікті сабақ сайын қайталанатындай дағдыға айналдырып,табыс критерийлерімен жетелеп,кері байланысты (рефлексия) орнататыныма сенімдімін .Сабақ сайын «оқушы үніне»құлақ түремін.
Объяснение: