
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.
Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.
Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.
Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен , рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.
Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Ғылман Хайрошев, Төлеген Аршанов Смағұл Көшекбаевтардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.
Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспатың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті кш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.
Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі кай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстык жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі кұбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дэл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшактыктар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нэтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан эрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын камтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондьщтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жётілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі.
Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтыктар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі XX ғасырда коғамдык кажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша
жэне жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігене сәйкес емле ережелерін бекітеді.
Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кириллицияға («орыс жазуынаң) көшкен кезде қаланды [28,178]. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы каулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен кытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мыңдаган жылдарға созылған жазу үрдісі бар халыктардың дұрыс жазу қағидаларын үкімет тарапынан бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен кызмет етіп жатады. Ал 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазактың тұңғыш ұлттык жазуы — араб таңбаларын, одан кейін оншакты жыл (1929-1940) колданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап кабылданған кириллицаны пайдалануга мәжбүр болған қазак сиякты халыктың әр жазудың емлесінде дэстүрі калыптасып, орнығып үлгермеді, сондыктан эркім бұрыңғы жазудың тэртібін сактап, алакұлалык туғызуы мүмкін болғандықтан, 1940 жылы жаңа графикага көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген.