Сәлем Асылхан! Мен бүгін саған хат жазып отырмын, хатымды бастамас бұрын жағдайынды сұрап алайын. Жалпы жағдайын қалай? Денсаулығыңше? Ауырмай шаршамай жүрсінба? Жалпы үй-ішіңнің халі қалай? Асылхан есіңдеме біз алғаш мектеп табалдырығын аттағанда сенде менде кіп -кішкентай едік. Ол кездерде қызық еді ия?! Мен қуанамын сендей досыммен бір сыныпта оқығаныма. Басқа жерге жерге кетіп туған жеріңді сағынған шығарсың?осы сәтке дейін керемет уақыттарды бірге өткіздік мен оған қатты қуанамын және сені қатты сағандым .Мен осы хат арқылы саған туған жерімді сипаттап жіберейін .
Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады, Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт.
Иә, қалай дегенде де біздің өлкеміздің табиғаты тамаша, кең байтақ! Ал досым сен бізді ұмытпа ,қонаққа келңюіп тұр.Сенің құрбын Аяулым !
Ел намысы – ер намысы» деген мақал жолдарымен толықтай келісемін. Қазақ халқы қашанда намысты ту етіп, биік қойған ұлт. Ұл балаларды кішкене күндерінен намысты қолдан бермеуге тәрбиелеп, бастарын идірмей, үміттерін сөндірмей өсірген халықпыз. Ар – намыс туралы мақал – мәтелдер де жетерлік, солардың ішінде маған ең ұнайтыны - «Ерді намыс өлтіреді, қоянды намыс өлтіреді». Демек, намыссыздық адам бойындағы жағымсыз қасиет.
Менің ойымша, намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды, адам бойында патриоттық сезімдерді оятып, елін, жерін, ұлтын ерекше қадірлеуге үйретеді. Яғни, намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Бойында ұлттық намысы бар адам әрқашан мәдениетін, тілін, дінін, салт – дәстүрін қастерлейді. Намысшылдық қасиет отбасымызда өз бастауын алып, ата – анамыздың үлгісімен өз жалғасын табады. Қандай заман болмасын, бізді ұлт қылған, тәуелсіз ел қылған осы намыс екенін ұмытпағанымыз жөн. Ұлттық намысымызды сақтай білейік, жүрегі «қазақ» деп соғатын намысқой жігіттеріміз көп болғай! Ұлттық ар – намысымызды сақтай білсек, ар – ождан да биік болады.
Объяснение: