Қазіргі техника дәуірінде ң күнделікті өмірі компютермен өтеді. оны ешкім жоққа шығара алмайды. компютерге отырған кезде жай ғана отырмай интернет пайдаланады. қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т. әрине, бұл өзіңе пайдалы. бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол ң өзіне байланысты.ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті қосып беріп жатады. өзі білмесе де ң көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. ал болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. ал сабақ жайында қалады. қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. міне, осының бәрі санасына әсер етеді.компьютер мониторының кескіндері көзінің көру өткірлігін нашарлатады.әрине, мұны барлығыда біледі. сонымен қатар компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. міне. мұның бәрі өміріне қауіпті әрі зиян. мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.
А тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады. Адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – бірбеткейлік. Өзгенің дегеніне көне қоймайтын бірбеткей мінезден туатын көптеген ерегестердің арты үлкен ұрыс-төбелес, дау-дамайға, тіпті адам өліміне дейін апаратынын көз көріп, құлақ естіп жүрген жайт. Алайда бірбеткейлікті ақиқаттан бет бұрмауға тәрбиелей білген адам туралықтан таймайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку