Лагерьдегі жазғы демалыс.
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы оқу жылын үздік бағамен аяқтағаным үшін ата – анам маған сыйлық ретінде Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда орналасқан балалар лагеріне жолдама алып берген болатын. Бұл алғашқы лагерьге сапарымды асыға күттім, себебі Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Лагерьге аман – есен жеткен соң, балалар жас ерекшеліктеріне сай орналастырылды. Орналасып болғаннан соң тәрбиешілер лагерь ережелерімен таныстырып өтті. Лагерьде демалудың өзіндік ерекшеліктері мен жақсы жақтары көп екен. Маған ұнағаны - бұл тәртіп мен достыққа үйрену. Демалысымыз қызықты өту үшін тәрбиешілерімз түрлі жарыстар, сайыстар өткізіп тұрды. Сонымен қатар табиғат аясына саяхатқа шығып, көлге суға түстік. Демалыс ерекше ұмытылмас әсер қалдырды. Көптеген жаңа дос тауып, демалысымды өте жақсы өткіздім.
Александрия шамшырағы - Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан. Бұл шамшырақ тұтастай мәрмәр тастан қашалған. Ол асқан шеберлікпен қаланған шамшырақ. Оның биіктігі-150метр. Сол заманда бұдан асқан биік құрылыс жоқ еді. Александрия шамшырағы теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берген екен. Және осы ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келен. Өз ойымды айта кетсем - осы Александрия шамшырағының арқасында жаңа жазып кеткендей теңіз кеңістігін тамашалауға мүмкіндік алған болатын. Және бұл шамшырақ сол замандағы ең биік құрылыс болғандықтан әлемнің жеті кереметінің бірі атанған деп ойлаймын. Маған осы жеті кереметтің ішінде Александрия шамшырағы ұнайды. Өйткені ол әрі биік, әрі керемет құрылыс.